2594

Елордалық оқушыларға «Ұлы даланың жеті қыры» туралы кино арқылы айтып береді

Астаналық оқушыларға арнап қалалық әкімдік ел мен жердің тарихын, мәдениетін білуге арналған кино – «Ұлы  дала мұрасы» жобасын ұйымдастырды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.   

Жоба шеңберінде 22 қарашадан бастап қаладағы барлық кинотеатрларда 5-11 сынып оқушылары үшін отандық фильмдердің тегін көрсетілімі ұйымдастырылады. Онда қазақ халқының мәдениеті мен тарихынан сыр шертетін: «Жаужүрек мың бала», «Алмас қылыш», «Анаға апарар жол», «Жерұйық», «Құнанбай», «Так сложились звезды» тағы басқа кинокартиналар көрсетілмек.

«Жастарға арналып көрсетілетін фильмдердің барлығы тарихы тақырыпта.  Елбасы өзінің «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында ел тарихын білудің маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, Елбасы тарихқа құрметпен қарауға және зерделеуге, өткеннен сабақ үйренуге шақырып, патриотизм мектеп қабырғасынан басталуы керектігін айтты. Біздің ойымызша киноматография арқылы оқушылар қазақ халқының ғасырлар бойы сақтаған барлық ұлттық құндылықтарын бойларына сіңіріп өседі», - деді Астана қаласы әкімдігінің қоғамдық даму істері басқармасының басшысы Данияр Есин.

Бүгін «Керуен» СОО-да бірнеше мектеп оқушылары үшін «Жаужүрек мың бала» тарихи кинокартинасының қазақ тіліндегі көрсетілімі өтті.

«Өскелең ұрпақтың өкілдерін тарихпен таныстыруда, олардың бойларына ұлттық құндылықтарды сіңіруде кино таптырмайтын құрал. Кейде тарихи кинофильмде сомдалған бейне, ғылыми жұмыстарда жазылған кейіпкерден асып түсіп жатады. Осындай фильмдер арқылы балалардың тарихқа және Отанға деген сүйіспеншіліктері оянады, жақындарын, достарын қолдауды үйренеді», - деді Д.Есин.

Кинофильмдерді көрсету осы жылдың соңына дейін жүреді. Жоба аясында барлық мектеп оқушыларын қамту жоспарланған.

 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109