1509

Мемлекет басшысының мақаласы Қазақстанның Ұлттық даму стратегиясын руханият жағына бұруы тиіс

К. Ақышев атындағы археология ғылыми-зерттеу институтының директоры Марал Хабдулина Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласы туралы өз ойын білдірді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

«Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласында айтылған тезистер, әсіресе бізге – тарихшылар мен археологтарға жақын деген ойдамын. Себебі біз барлығымыз ел тарихын, ата-бабамыздың әлемдік тарихқа қандай үлес қосқанын білуіміз керек.

Біздің. К. Ақышев атындағы археология ғылыми-зерттеу институты халқымыздың ел тарихын білуі үшін жұмыс жасады, жасай да бермек. Біздің археология және этнология кафедрасы Қазақстан тарихында өте бір ерекше ғылыми зерттеумен айналысып жатыр. Ол қазақ этносының қалыптасқан аумағы туралы көбірек білуге мүмкіндік береді. Менің ойымша, қазақ этносының нақ қалыптасқан территориясы – Нұра Есіл өзендерінің арасы.

Біз кейінгі жылдары осы екі өзен арасында жұмыс істеп жатырмыз. Жұмыс барысында осы кезге дейін тарихқа белгісіз ескерткіштерді таптық. Олар қазақ хандарының резиденциясы, оның алдындағы Алтын Орда және Ақ Орда хандарының да ордасы нақ осы Ақмола облысының Есіл өзені жағасында болғанын айғақтайды. Этникалық қазақтардың қалыптасқан орны деп нақ осы араны әбден санай аламыз. Бұл – көптеген тарихшыны толғандырған үлкен мәселе. Археология – фундаменталды материалды ескерткіштер беретін нақты ғылым. Ол біздің болжамды нақтылайды, растайды.

Біздің институт Жәнібек - Шалқар өзені жағасындағы XIV ғасырға жататын кесенені зерттеумен айналысты. Менің ойымша егер кесенені қайта жаңғыртса, онда ол ел тарихын білуде ерек іс болар еді.

Меніңше, Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласының жарық көруі Қазақстандықтардың, оның ішінде жастардың ел тарихын білуге қызығушылығын арттырады. Мемлекет басшысының мақаласы ұлттық даму стратегиясын руханият және  өз тарихын тану жағына бұрады деп ойлаймын. Біздің елдің тұрғындарына тек экономикалық жетістік ғана емес, білім, ел тарихын білу де маңызды болуы тиіс.  

 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109