1310

Ұлттық тарихымыздың қайнар көзін зерделеп үйренудің нақты бағыты

Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысы қалалық штабының басшысы Наталья Карагеур Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласына түсініктеме берді, деп хабарлайды астана әкімдігінің ресми сайты.

Президент келе жатқан 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялады, Мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы жастарға ұлттық тарихымыз бен мәдениетіміздің қайнар көзін оқып үйренудің нақты бағыты болмақ. 

Аталмыш мақаланың шығуын алдын ала анықтай отырып, «Рухани жаңғыру» бағдарламсының аясында Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен осы жылдың 15 наурызында құрылған «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы ұлттық мәдениетті, тіл мен дәстүрді жаңғыртуға, сақтауға бағытталған мемлекеттік саясатты іске қатысып, өз белсенділігін танытып келеді.  

Қазақстан халқы Ассамблеясының «Ұлы Дала Елінің киелі мұрасы» тарихи-экологиялық жобасының шеңберінде, Астана қаласының жастары бізді мәдени және бабаларымыздың рухани мұрасымен байланыстыратын маңызды орындарда болып қайтты.  

Біз әрбір қазақстандық білетін ұлы адамдар жерленген Ақмола облысының киелі жерлерінде болдық. Бұл шығармалары классикалық халық әндерінің алтын қорына енген ақын әрі композитор Біржан сал,. Бұланды ауданына да бардық, ол жерде қазақ халқының тағы бір ұлы өкілі Балуан Шолақ жерленген. Ол атағы жер жарған палуан ғана емес, басқа да қырымен танымал болған тұлға. Ол – талантты ақын және композитор, кедейлер мен мұқтаждардың  жақтасы. Президент өзінің мақаласында айтып өткендей, «Ұлы даланың ұлы есімдері» біздің ортақ тарихымыздағы көрнекті тұлғалардың арасынан мәңгіге өз орындарын тапқан.

Қазақстан халқы Ассамблеясының Астана жастарының белсене қатысып жүрген тағы бір ауқымды жобасы – «Қазақтану» жобасы. Ол қазақ халқының мәдениетін, тілін, тарихын, этикасын, тұрмыс салтының ерекшелігін танымал етуге бағытталған. Алматы облысында өткен ҚХА жазғы жастар лагерінде түрлі этнос өкілдері қазақ халқының дәстүрлерімен танысты. Қыздар жағы сүтті дұрыстап ашытудан құртты теп тегіс етіп домалақтауға дейін құртты дайындаудың  толық технологиясын үйренді. Ал жігіттер жағы көшпенді қазақтың дәстүрлі баспанасы киіз үйді қалай орнату мен шаңырақты төбеге көтерудің, киіз жабудың барлық қыр-сырын меңгеріп шықты. «Қазақтану» жобасы бізге – жастарға қазақтың бай мәдениетіне, тарихы мен дәстүріне, көпғасырлық көшпенді халықтың философиясына үңілуге мүмкіндік береді. Дәлірек айтқанда, «үшкір бұрышы жоқ дөңгелек» философиясы киіз үйдің қайталама құрылысы. Президенттің «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы бізге Қазақстан халқының бірлігі мен татулығының негізінде жатқан нәзік құпияларды түсінуге мүмкіндік берді.  

Мемлекет басшысы өзінің мақаласында нақты тарихи деректер негізінде ұлттың өз ата-бабаларына деген  мақтаныш сезімін айқын көрсеткен. Осындайда Михаил Ломомносовтың «Өзінің өткенін білмейтін халықтың, келешегі жоқ» деген атақты сөзі еске түседі, сондықтан да айтқым келетіні – біз – Қазақстан халқы Ассамблеясының жастары, Елбасымызды үлгі ете отырып, өз халқымыздың тарихын білуге, сақтауға және оны еліміздің әрбір жас адамына жеткізуге ұмтыламыз.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109