1425

Кәсіп бастаймын дегенге кеңес тегін

Кәсіпкер болсам дейтіндер көп. Бірақ көбісі сол кәсіпті неден және қалай бастарын білмейді. Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы (КҚКО) ашылғалы бері бұл мәселенің түйіні шешілгендей. Медиа орталықтың тілшілері аталған орталыққа барып, тегін кеңес алып қайтты.

«Даму» қорының «Кәсіпкерлікті қолдау орталығының» ашылғанына  4 жыл болды. Осы аралықта мыңдаған азаматтың өз кәсібінің нәсібін табуға көмектесті.

Бірінішіден, орталықта өз ісін ашамын деген азаматтарға көмек көрсетіледі. Алдымен бизнес жоспар құрып, оны жүзе асырудың жолдары түсіндіріледі. Жеке кәсіпкер ретінде тіркелу үшін не істеу керек? Салықтық құжаттамалар қалай толтырылады? Қарапайым адамның түсініп болмайтын бухгалтерлік құжаттарды қалай жүргізу қажет? Тізе берсек аталған салада жауабы жоқ сұрақ көп. Соның барлығын ары-бері шапқыламай, бір жерден-ақ тыңдап түсініп алуға болады.

Екіншіден, өз кәсібін дөңгелетіп жұмыс істеп жатқан кәсіпкерлерге бизнесін одан әрі дамытуға қажетті кеңес пен көмек беріледі.

Үшіншіден, мұнда шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мақсатында жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалар мен олардың шарттары туралы толық мәлімет беріледі.

Төртіншіден, енді қандай да бір бағдарламаға қатысу үшін Халыққа қызмет көрсету орталығы немесе басқа да мемлекеттік органдардан анықтама алу үшін сабылып жүрудің қажеті жоқ. Себебі, КҚКО-да Халыққа қызмет көрсету, жұмыспен қамту орталықтарының кеңесшілері бар. Сондай-ақ «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы мен басқа да ұйымдардың өкілдері отырады. Келген барлық азаматтардың сауалдарына жауап беріп, тіпті құжаттарына дейін толтыруға көмектеседі.

Биыл елімізде кәсіпкерлікті қолдауға арналған «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік» бағдарламасы жүзеге асырыла бастады. Мақсаты өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған азаматтарға қолдау көрсету. Өз ісін ашамын деген жандарға қаржылай қолдау көрсету. Көмек 6 пайызбен микро несие ретінде беріледі. Бағдарламаға қатысушыларға «Даму» қоры қаржылай кепілдік береді. Осы жылы Астана қаласында жаппай кәсіпкерлікті дамытуға 476 млн теңге бөлінді. Бүгінде 11 жоба мақұлданып, оның екеуі банктен несие алып жұмысын бастап кетті.

«КҚК орталығында бір терезе қағидасымен жұмыс істейміз. Мәселен, кәсіпкер орталыққа келеді, біз оған қажетті бағдарламаны таңдап береміз. Әрі қарай ол ЖК, ЖШС қалай ашады, қандай құжаттар қажет екендігі туралы заңдық сауал бойынша кеңес ала алады. Сондай-ақ бізде бухгалтер де бар. Барлық салық салу бойынша қалай және нені төлеу керектігін, кедендік рәсімдерді, мемлекеттік сатып алуларды, сайтпен жұмыс жасау, бастысы бизнес-жоспар, барлық қызмет пен кеңес түрлері бізде тегін көрсетіледі», - деді «Даму» қорының кеңесшісі Айслу Жетпісбаева.

Кәсіп ашамын, пайда табамын дегенге біздің елде кең қолдау бар. Қандай көмек және оны қалай алуға болатынын Астана қаласы, Қажымұқан көшесі, 8А мекен-жайы бойынша орналасқан Кәсіпкерлерге қолдау көрсету орталығына барса жеткілікті. Сол жерден қажетті ақпараттың бәрін табасыз.


Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109