3035

Мектеп оқушыларының экологиялық мәдениеті артады

Елорда мектептерінде қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау науқаны өткізілуде, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Іс-шара оқушылар арасында экологиялық мәдениет пен қалдықтарды бөлек жинауды насихаттауға бағытталған. Шара аясында қала мектептерінде қағаз, пластик және басқа да қалдықтарды салуға арналған сары контейнерлер орнатылды. Бұдан кейін жиналған өңдеуге жіберіледі.

Еске салайық, Астана қаласының білім беру мекемелері арасындағы алғашқы мұндай акция 2018 жылдың 27 қыркүйегінде өткен болатын. Шара барысында оқушылар жинаған 6 тоннадан астам шикізат Астанадағы қалдықтарды қайта өңдеу зауытына жіберілді. 

2018 жылғы 24 қарашада № 66 мектеп-лицейінде 55 елордалық мектептің қатысуымен шараның екінші кезеңі өтеді.

Акцияға қалалық әкімдіктің өкілдері, экологиялық ұйымдар мен мектептердегі өзін-өзі басқару ұйымдарының басшылары, ата-аналар қауымы, Қарақат Әбілдина, Қыдырәлі Болманов, Тұрсынбек Қабатов және Қуаныш Сұлтанов қатысады.

Сонымен қатар, халықаралық деңгейдегі танымал марафоншы және спорт шебері Марат Жыланбаев балалар үшін «Денсаулыққа зиян келтірмей жүгіру» тақырыбында  шеберлік сабағын өткізеді.

Бұл күні тұрмыстық қалдықтарды өңдеуге тапсыру бойынша ең белсенді сынып анықталып, тақырыптық сабақтар, сән көрсетілімдері, мектеп оқушылары мен олардың ата-аналары үшін түрлі іс-шаралар ұйымдастырылмақ

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109