1466

Шерзод Пулатов: Байлығымыз бен игілігіміз – Ұлы дала мәдениеті

Астана қаласындағы өзбек этномәдениеті орталығының төрағасы Шерзод Пулатов Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласы туралы өз ойымен бөлісті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

- Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры»  атты мақаласын оқығаннан кейін оның түрлі алаңдардағы мінберде сөйлеген сөзі, Жолдауы немесе мақаласы болсын бәрінің Отанымыз бен халқымызға деген қамқорлыққа, алаңға толы екендігін айтқым келеді.

Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында біздің назарымызды Қазақстан мен бүкіл түркі өркениетінің тарихын оқудың, білудің маңыздылығына бұруда. Қарасаңыз Елбасының бұл мақаласы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында айтылған идеялардың жалғасы.  

Ұлы дала мәдениеті – біздің байлығымыз және игілігіміз. Біз оны оқып, өмірде пайдаға асырып, Ұлы дала тұлғаларынан үлгі алуымыз керек. Бұл біздің қоғам үшін тәрбиелік және жасампаздық сипатқа ие болса, басқа елдер үшін үлгі болары хақ.

Қазақстан мен бүкіл Орталық Азия өңірі барлық қарым-қатынастардың негізінде қашанда қонақжайлылық пен көршімен тату болу принциптері жататын орын болды. Бүгінгі таңда Астана – бар әлем мойындаған келісім мен бейбітшілік орталығы.  

Мақалада айтылған Елбасының идеялары, ел дамуының қазіргі кезеңінде біздің ерекше көңілімізді талап ететін аспектілерді толығымен көрсетеді. Біз, Астана қаласының өзбек этносының өкілдері, мақалада көрсетілген барлық міндеттерді толығымен қолдап, қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін өз үлесімізді қосамыз.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109