2613

Астанада жастарға арналған кәсіби бағдарлау жобасы жүзеге асырылуда

Елордада мектеп оқушылары мен студенттерге арналған кәсіби бағдарлау күндері өтіп жатыр, деп хабарлайды елордалық әкімдіктің ресми сайты.

Кез келген оқушы радиотехника, робототехника, архитектура, интерьер дизайны және журналистика бойынша шеберлік сабақтарына қатыса алады.

Шеберлік сабақтары Upgrade жобасының ерте кәсіптік бағыты бойынша іс-шаралар жиынтығы шеңберінде өткізіледі. Оның мақсаты -жастарға кәсіп таңдауға мүмкіндік беру.

«Жобаның мақсаты - қазіргі заманауи мамандықтармен таныстыру, танымал ету. Біз өз мамандығы бойынша жетістіктерге қол жеткізген адамдарды шақырамыз. Біздің спикерлер өз мамандықтарының артықшылықтары мен кемшіліктері туралы әңгімелейді. Біз шарамызға үздіктердің үздігін шақырдық.  Олардың шарамызға қатысуға келіскені қуантады», - деді «Астана жастары» орталығының директоры Үкібай Нұрпейісов.

Айта кетейік, халықаралық қатынастар, аспаз, актерлік шеберлік, радиотехника және робототехника, журналистика (көпшілік алдында сөз сөйлеу дағдылары мен өзін-өзі таныстыру), архитектура және интерьер дизайны бағыттары бойынша кәсіби бағдар беру шарасы 6 күнге созылмақ. .

Спикерлер қатарында АҚШ елшілігі шығармашылық шеберханасының үйлестірушісі Әйгерім Тілеуханова, Silk Decoration & Design Group негізін қалаушы Сания Бисенова және журналист, тележүргізуші әрі продюсер Ғазиза Райымбек бар.

Іс-шара ұйымдастырушысы:  «Астана жастары» орталығы.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109