2054

Астаналықтар коммуналдық қызметтерге көмек көрсетуде

Қала тұрғындары қолдарына күректерін алып, коммуналдық қызметтерге аулаларды  қардан тазартуға көмектесуге шықты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Өткен тәулікте Астанада толассыз қар жауып, дауылды ескерту жарияланды. Осыған байланысты қаладағы тасжолдар да жабылған болатын. Бүгін таңертең  қала тұрғындары коммуналдық қызметтердің келуін күтпей, тұрғын үйлерінің ауласын қардан тазартуға шықты.

Сарыарқа ауданының аумағындағы Абай даңғылы, 1 мекен-жайы бойынша орналасқан үйдің тұрғындары күндіз ауласындағы қарды күреп, жаяу жүргіншілер өтпелдері мен балаларға арналған алаңдарды мұздан тазартты.

«Мен бұл үйде 2011 жылдан бастап тұрамын. Өзіміз тұрып жатқан үйдің ауласындағы жағдайға бей-жай қарай алмаймын. Мұнда біздің балаларымыз өсіп келеді ғой. Кеше күні бойы қар жауды. Жолдарда коммуналдық қызметтер белсенді жұмыс істеуде. Алайда жауған қар мөлшерінің көп болғаны сонша, коммуналдық қызметтер барлық аумақтарды тазартуға үлгермей жатыр. Кеше көршілерімізбен таңертең барлығымыз бір адамдай ауланы тазартуға шығамыз деп ұйғардық. Аудан әкімдігіне шағым түсірмей, керісінше оған көмек көрсеткен жөн емес пе?!», - дейді үйдің тұрғыны Марат Салиев.    

Айта кетейік, синоптиктер мұндай тұрақсыз ауа райының алдағы күндері де сақталатынын ескертеді.

26-27 қарашада елордада көшпелі бұлт шығып, кей кезде қар жауады, бұрқасын жүріп, көктайғақ болады деп күтілуде. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 9-14, кей кезде 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде және күндіз -8...-10 градусты құрайды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Астана қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Астана – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109