5396

Балалық шаққа саяхат. Қуыршақтар театрындағы бір күн

Театр ілгіштен, ал балалық шақ ойыншықтан басталады. Театрдағы әсер мен шығармашылыққа толы өмір  туралы Астана қаласы әкімдігі ресми сайты тілшісінің материалынан оқыңыздар.

Қуыршақ театрына кірген бетте, балалық шаққа енгендей боласың.  Кіре берісте қонақтарды қозғалмалы механикалық қуыршақ әжей мен үлкен жұмсақ ойыншықтары бар диван қарсы алады.

Бұдан кейін ертегі әлеміне енгендей күй кешесіз. Қойылым басталмай тұрып қонақтар топтамалық қуыршақтармен, ертегі кейіпкерлерімен, қуыршақтарды сөйлететін актерлердің суреттерімен безендірілген театрдың холында серуендей алады. Үлкендердің де, балалардың да назары бірден холдағы тіршілік бұрышына ауады. Онда Кабачок есімді теңіз доңызы, жоңғар тышқандары, тасбақа және түрлі-түсті қанатшалары бар ұяң үнді тотықұс, балықтар мекендейді.

Шағын хайуанаттар бағын ашу идеясын театрдың көрермені айтқан екен.

«Бірде бізге 5 жастағы бала келді. Ол кезде бізде тек балықтар ғана бар еді. Ол анасынан: қалған хайуанаттар, құстар, аңдар қайда деп сұрады. Содан кейін бізде осындай кіші хайуанаттар бағы пайда болды. Ол қойылым алдында көрерменге көтеріңкі көңіл күй сыйлайды», дейді «Қуыршақ театрының» директоры Тоғжан Хасанғалиева.

Бүгін театрда 23 қойылым көрсетіледі. Олардың қатарында «Мяу, гав, чик-чирик», «Аладдин», «Еще раз о Русалочке», «Атамекен», «Аң патшасы жолбарыс», «Солдатский котелок» тағы басқалары бар.

Сонымен қатар, театр жол ережесін сақтауға байланысты арнайы қойылым қояды. Билет құны - 500-1000 теңге аралығында. Қойылымдар жұма, сенбі, жексенбі күндері сағат 12:00-де орыс тілінде, ал сағат 14:00-де қазақ тілінде қойылады.

Ал театрдың жұмбаққа толы бөлме есіктерін ашсаңыз, бірінде тігінші арнайы киімдер тіксе, енді бірінде қуыршақтар сахнаға дайындалып жатады. Ал қоймада түрлі қойылымдарға қажет декорациялар мен киімдер, қол қуыршақтары, жасанды ағаштар, үлкен қуыршақтар сақталған.

Әр театрда сияқты мұның да қызықты оқиғалары мен ырымдары бар.

«Бір рөлде ұзақ ойнаған актердің мінезінде де, тұрпатында да ұқсастық пайда болады. Мысалы, «Атамекен» қойылымында ақсақалды сомдайтын актер Досымхан Бейсембаев уақыт өте келе өзінің кейіпкеріне ұқсай бастады. Кез келген затты жақсы көріп, оны тіршілік иесі ретінде көрсеңіз, ол сіздің бір бөлшегіңізге айналады деп тегін айтылмаса керек», - дейді Тоғжан Хасанғалиева.

Қуыршақтарды сөйлететін әртістердің арасындағы ерекше ырымдардың бірі – «шекілдеуік шақпау». Бұл қағиданы барлық театрлардың ұжымдары ұстанады.

«Егер қойылымның сценарийін түсіріп алсаң, көтермей тұрып оған отыру керек. Содан кейін ғана дайындыққа кірісу», «Қуыршақты алғаш алсаңыз, оның көзіне тіке қараңыз». Бұл – біздің театрдың әртістері ұстанатын ережелер, - деді театр директоры.

Ал сахнада келесі қойылымға дайындық жүріп жатыр. Драматургтер мәтіндерге түзетулер енгізіп жатса, қойылым режиссері декорацияны қойғызып,  оның сахнадан қалай көрінетінін бағалауда. Ал қуыршақтар өздерінің «жұлдызды сағаттарын» күтуде.

Барлығымыз да бала болдық. Барлығымызда ертегіге, ғажайыпқа сенетін бала мен немере бар. Қуыршақтар балаларды жан ашыр болуға, өзімен бірге қуанып, олармен барлық эмоцияларды шығаруға үйретеді. Ал қуыршақтар театры сізді сиқырлық пен мейірімге толы алаңсыз балалық шақтың әлеміне саяхат жасауға көмектеседі.

Фото және мәтін: Екатерина Тыщенко

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109