1637

«Шапағат» коммуналдық базары саудаға қойылды

Электронды тендер 11 желтоқсанда өтеді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

«Astana» Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» Акционерлік қоғамы «Шапағат» коммуналдық базары» ЖШС-нің жарғылық капиталындағы Қоғамның 100% үлесін сату бойынша электронды тендерді өткізу туралы хабарлайды. Шара 2018 жылдың 11 желтоқсанында Астана уақыты бойынша сағат 10:00-де Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында www.gosreestr.kz. өтеді

Электрондық тендерге саудалық қызметті жүзеге асыратын ««Шапағат» коммуналдық базары» ЖШС-нің жарғылық капиталындағы қоғамның 100% үлесі саудаға қойылмақ. Базар Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Бөгенбай батыр даңғылы, 69 мекен-жайы бойынша орналасқан. Телефоны: 8 (7172) 21-51-50

«Шапағат» коммуналдық базары» ЖШС Жарғы капиталындағы 100 % үлесін сату ҚР Үкіметінің 2015 жылдың 30 желтоқсанындағы «Жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» № 1141 Қаулысына өзгерістер енгізу туралы» ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 11 сәуірдегі қаулысына сәйкес, Қоғамның Директорлар кеңесінің 2017 жылғы 7 қарашадағы шешіміне сәйкес (№ 20 Хаттама), «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ Мемлекеттік мүлік тізілімі веб-порталында мүлікті сату бойынша электрондық сауда-саттықтарды өткізу реттемесіне сай жүргізіледі», - деп мәлімдеді «Аstana» ӘКК» АҚ баспасөз қызметінде.

Сауданы жүргізу туралы толық ақпаратты www.gosreestr.kz  сайтында немесе 8 (7172) 23-59-64 («Astana» ӘКК» АҚ) телефоны бойынша білуге болады.

 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Астана қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Астана – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109