1729

Президентпен түскен үздік фото байқауына жүзден аса қазақстандық қатысып жатыр

«Елбасы және мен» фотобайқауына өтінім қабылдау жалғасуда, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

«2018 жылдың 27 қарашасында байқауға қатысушылардың саны 119 адамға жетті. Ең көп лайк жинаған (12 184)  пайдаланушы – @azamat.arisbaev. Екінші орында – @kulyntaykz. Оған 10 670 лайк басылған. Үшінші орында  9 537 лайкпен @baurzhani келеді», - деп мәлімдеді ведомствада.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Елбасы және мен» тақырыбындағы Instagram әлеуметтік желісіндегі фотобайқау 16-30 қараша аралығында өткізіледі. Байқауды Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің жастар және отбасы ісі жөніндегі комитеті Астана қаласы қоғамдық даму істері басқармасымен бірлесіп ұйымдастырды.

Қатысушылар Instagram-дағы өзінің парақшасында Президентпен түскен суретін #ElbasyJaneMen хэштегімен жариялауы тиіс. Сондай-ақ, байқауға қатысушылар @kdms.gov, @kdm.gov.kz, @qogamdyk_damy_astana парақшаларына жазылып, оларды өзінің постында белгілеуі тиіс.

Байқаудың қорытындысы бойынша жеңімпаздар үш санатта бағалы сыйлықтар алады, ал әділқазылар таңдаған үздік суреттер «Mega Silk Way» ОСО, Тұңғыш Президент кітапханасы, «Хан-Шатыр» ОСО ұйымдастырылатын көрмелерге қойылады. Конкурстың жеңімпазы болып, @kdms.gov ҚР ҚДМ жастар және отбасы ісі жөніндегі комитетінің парақшасында жарияланған пост үшін ең көп лайк жинаған қатысушы танылады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109