2504

«Астана Innovations» компаниясы геоақпараттық Big Data жүйесін әзірлейді

Жүйе сандық картада адамдардың қай жерде тұратынын көріп, мәліметтердің талдаудан өтуінің негізінде инфрақұрылымдық нысандарды дамыту қажеттігін анықтауға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Алынған деректерге қарай қала билігі қай жерлерге аурухана, емхана, жедел жәрдем станциясы, мектеп немесе балабақша салу керектігі туралы шешім қабылдайтын болады.

«Біз осы жүйенің арқасында талдау жүргізіп, оқушылардың 70-80 % өз үйіне жақын орналасқан мектепте оқымайтынын білдік. Бұл қаланың көлік қатынасына, инфрақұрылымына артық жүктеменің бар екендігін білдіреді. Мысалы, сіздер байқаған боларсыздар, оқушыларда демалыс болған кездері қала көшелерінде көлік ағыны азаяды. Ал оқу процесінің басталасымен жолда кептелістер де туындайды. Бұдан балалардың үй жанындағы емес басқа мектепте оқитындығын байқауға болады», - деді әкімдікте өткен баспасөз мәслихатында «Астана Innovations» АҚ компаниясының басқарма төрағасы Олжас Сартаев.

Оның айтуынша, мұндай ақпарат ата-аналарының рұқсатымен жиналып, баланың үй жанындағы мектепке не себепті бармайтынын анықтауға септігін тигізуі тиіс.

«Ана-аналармен сөйлесіп баланың үйдің жаңындағы мектепке неге бармайтынын, үйге жақын орналасқан мектепке бару мүмкіндігін анықтау керек. Таңдау, әрине ата-аналарда. Олар бірі келіссе, енді бірі келісімін бермеуі мүмкін. Бәлкім, бала мен ата-анаға екінші мектептегі мұғалім ұнайтын шығар. Сол себептен болар ол алыстағы мектепке барады. Түрлі себептер бар ғой. Барлық мәселелерді жан-жақты қарастырып, талдап, олардың шешімін табу керек», - дейді О. Сартаев.

 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109