1497

Фотокөрме: астаналық дәрігерлердің күнделікті жұмысы фотосуретшілердің көзімен

ҚР Ұлттық музейінде «Жақсы дәрігер» фотокөрмесі ашылды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Ерекше көрмені қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мен қалалық № 2 көпбейінді  аурухана ұйымдастырды. Көрмеде астаналық дәрігерлердің образын аша түсетін жүзден аса жұмыс ұсынылды. Фотограф Марат Амиров өз суреттерінде медицина қызметкерлерінің күнделікті жұмысын, олардың операция жасап жатқанын, консультация жүргізгендігін, мамандардың қабылдауындағы сәттерді барынша шынайы етіп жеткізуге тырысқан.

№ 2 қалалық көпбейінді ауруханасының бас дәрігері Иван Лидің айтуынша, шара дәрігер мамандығының беделін көтеруге және пациенттердің медицина мамандарына деген сенімділік деңгейін арттыруға бағытталған. 

Көрмені ұйымдастырушылар күн сайын ауруханада он шақты дәрігер жүздеген адамға қажетті көмек көрсететінін, оларға өмір мен қуаныш сыйлайтынын айтады.

«Жақсы дәрігер» фотокөрмесінің ашылу салтанаты ҚР еңбегі сіңген қайраткерлерінің, «Серпер» жастар премиясының жүлдегерлері және «Астана мюзикл» театры артистерінің қатысуымен өткен концерттік бағдарламаға ұласты.

Айта кетейік, шара ҚР Тұңғыш Президенті күнін мерекелеу шеңберінде өтті. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109