1516

Өмірзақ Озғанбаев: Ел тарихын білу – жастардың парызы

«Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі орталық кеңесі төрағасының бірінші орынбасары Өмірзақ Озғанбаев Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласына қатысты пікірімен бөлісті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

- Мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы халықтың қошеметіне ие болды. Әсіресе, жастар тарапынан зор қолдау тапты деп ойлаймын.

Елбасы осы мақаласында қазақ халқының дүниежүзілік өркениетке қосқан үлесі туралы 7 нақты дәйек келтіріп, баяндап берді.

Нұрсұлтан Әбішұлының мақаласын оқи отырып, жастарымыз тарихымызды тереңрек таныды десем, қате емес. Бұл еңбек өскелең ұрпақтың өкілдеріне мақтаныш сезімін ұялатса керек.

Бұл мақала жарияланғаннан кейін біздің жастар өздерін ғаламдық өркениетке үлес қосқан ұлы халықтың ұрпағы екендігін тағы да бір мәрте зор мақтанышпен айтады алады .

Мысалы, қазақ жерінде металлургия саласы көне заманның өзінде дамыған. Алтын, күмістің бетіне түсірілген ою өрнектері бар әшекей бұйымдары осыған дәлел бола алады. Мәселен, «Қазақстан Тутонхамоны» - Алтын адам табылған қорғаннан шыққан әшекей бұйымдар ешкімнен кем емес екенімізді көрсетті.

Ортағасырлық Қазақстан қалалары Еуропадағы қалалардың ешқайсысынан кем болмаған. Шаһарларға алыстан кәрізбенен судың жеткізілуі, ұстаханалар, түрлі шеберлердің жұмысы, ақша сияқты көрсеткіштердің сол кездің өзінде болуы біздің елдің басқа халықтармен тереземіз тең ел екендігімізді көрсетіп жатыр.

Ұлтымыздың тарихына, қазақ мемлекетінің тарихына қатысты міне осындай нақты деректер Елбасының мақаласында келтірілген.

Ел болашағы – жастар демекші, тарихымызды жаңғырту да солардың қолында. Олар Қазақ елінің өткенін білуге, оны тереңрек зерттеуге, келешек ұрпаққа аманат етуге міндетті.

Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында айқындап берген тапсырмалары жастарды рухани тұрғыда азықтандыруда өзінің мол әсерін тигізеді деп ойлаймын.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109