3919

Өзбекстанның Олий Мәжілісі заң шығару палатасының спикері: «Мен бұл қаланы сүйіп қалдым»

Астана әкімі Бақыт Сұлтанов Өзбекстанның Олий Мәжілісі заң шығару палатасының спикері Нурдинжон Исмоиловпен кездесті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Өзбек парламентарийі іссапармен Астанаға алғаш рет келгенін айтып, Қазақстан астанасының даму деңгейіне жоғары баға берді.

«Бұл – әлемдегі ең әдемі қалалардың бірі. Ол жоғары деңгейдегі жайлылыққа қол жеткізген, - деді Исмоилов мырза Астана әкіміне. – Сіздердің Президентіңіз Нұрсұлтан Назарбаевтың тәуекелшілдігінің арқасында осы қала салынды. Ол енді маған да ұнайды».

«Мұндай әдемі қалаға жел де, аяз да кедергі келтіре алмайды», - деді сөзін жалғастырған  Өзбекстанның Олий Мәжілісі заң шығару палатасының спикері.

Нурдинжон Исмоилов Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласынан алған үлкен әсерімен Астана әкімі Бақыт Сұлтановпен бөлісті.  

«Өте пайдалы мақала, - деді Исмоилов. – Біздің келер ұрпақ Ұлы даланың тарихын білуі керек». 

Тараптар Қазақстан мен Өзбекстанның екі жақты қарым-қатынасы жыл өткен сайын нығайып келе жатқанын атап өтті. Соңғы кездері елдер арасындағы сауда-экономикалық әріптестік жаңа деңгейге көтерілді. Айталық, 9 айдың ішінде екі ел арасындағы тауар айналымы 2 млрд долларға жеткен. Бұл 2017 жылдың бір жылдық табысымен бірдей.

Астана әкімі 2017 жылы Астана мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы 288 млн АҚШ долларын құрағанын айтты. Оның ішінде экспорт – 174 млн АҚШ доллары, импорт – 114 млн доллар. 

«Астанада біздің сауда қарым-қатынасымыздың өсуіне лайықты өте ыңғайлы жағдай жасалған», - деді Бақыт Сұлтанов.

Қала әкімі екі ел үкіметінің көлік-логистика инфрақұрылымы мен қуаттылықтарды дамытуға қатысты қабылдаған шаралар таяу арада екі жақтың да тауар айналымын айтарлықтай ұлғайта түсетініне сенім білдірді.   

Ол, сондай-ақ Ташкенттің Астананың ең бірінші серіктесі болғанын, осы жылы екі ел астанасының арасында сауда-экономика, ғылыми-техника және мәдени әріптестік туралы уағдаластыққа қол қойылғанына 20 жыл болғандығын хабарлады.

«Әріптестігіміздің беріктігін есепке ала отырып, Астана мен Ташкент арасындағы қарым-қатынасты бауырластыққа дейін көтеру мәселесін қарастыруды жөн деп санаймын», - деді Астана әкімі.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109