3848

Ташкенттік делегация Достық үйіне барды

Өзбекстан Республикасының Олий Мәжілісінің заң шығарушы палатасы делегациясының ресми сапары аясында Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы өкілдерімен кездесуі өтті, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Ермек Аманшаев қонақты Қазақстан халық Ассамблеясының қалалық орталығы, Достық үйі және 2007 жылы құрылған Астана қаласы өзбек этномәдени орталығының жұмысымен таныстырды.

«Өзбек этномәдени орталығы қаладағы өте белсенді орталықтардың бірі. Осы жылы Астана қаласының 20 жылдығын атап өттік, алдыңғы жылы «Экспо-2017» халықаралық көрмесі өтті. Бұл орталық әркез белсенді және түрлі шаралар өткізеді. Қазіргі таңда орталықта екі өнер ұжымы бар. Олар: «Пойтахт» ВАА және «Астана Ғунчалари» би ансамблі. Олардың шеберлігі халықаралық, республикалық және астаналық сыйлықтармен және наградалармен марапатталды», - деп атап өтті әкімнің орынбасары.

Ал 2017 жылы «ЗИЕ» өзбек жексенбілік мектебі мемлекеттік қолдау алды. Ол № 53 мектеп-лицей базасында жұмыс істейді.

«Бұл жексенбілік мектепте әр түрлі жастағы балалар өзбек тілі мен дәстүрін, мәдениетін оқиды. Екі топ құрылған. Оқушылардың саны жыл сайын артуда. Үш мұғалім жұмыс істейді. Этномәдени орталықта «Астана Ғунчалари» жастар қанаты құрылған, оның құрамында студенттер мен оқушылар бар. Белсенділердің жалпы саны – 100-ден астам адам», - деп толықтырды ол.

Өзбекстан Республикасы Олий Мәжілісінің заң шығарушы палатасының спикері Нурдинжон Исмоилов түрлі ұлттардың этномәдени орталықтары мен өзбек этномәдени орталығының дамуы үшін жағдай жасалғаны үшін алғысын білдірді.

«Жаңа ғана естідім, сіз біздің орталыққа материалдық және ұйымдастырушылық көмек көрсетеді екенсіз. Бұл – үлкен іс, осындай қамқорлық көрсетіп жатқаныңызға сізге көп рахмет, біз өте қуаныштымыз!», - деді Н. Исмоилов.

Еске сала кетейік, бүгін Астанаға Өзбекстан Олий Мәжілісінің заң шығарушы палатасының спикері Нурдинжон Исмоилов бастаған делегация келді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109