1186

Астананың өткені мен бүгінінің сакралды әлемі шақырады

Елорда тұрғындары мен қонақтары Астана аумағында жүргізілген  археологиялық қазба жұмыстарының қорытындыларымен таныса алады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты.

Ертең, 29 қарашада «Мәңгілік ел» салтанат қақпасында «Астананың өткені мен бүгінінің сакралды әлемі» тақырыптық көрмесінің ашылу рәсімі өтеді.

Шараның мақсаты – елорда аумағындағы қорғандарды археологиялық зерттеудің нәтижелерін жария ету. Қазба жұмыстары 2018 жылы жүргізілген болатын.

«Экспозицияның ортасында –  «Күйгенжар» қорымында ер адам жерленген моладан табылған екі күміс сырға. Көне жәдігер YIII-IX ғғ жатады. Бұл бұйымдар өз заманынан сыр шертетін құнды дереккөз болып табылады. Ерлер костюмімен бірге олар әскери мәртебені білдірген.

Мұндай типтегі сырғалар алғашқы Түрік қағанаттарының қалыптасу кезеңіндегі түрік экспансиясының ауқымын анықтауға мүмкіндік береді. Белдік пен сырға Моңғолиядан Шығыс Еуропаға дейінгі кеңістікте түркі жауынгерлерінің костюмінің ажырамас бөлігіне айналған.

Экспозиция төрт блоктан тұрады: қола дәуір, ерте темір дәуірі, орта ғасыр, қазіргі заман. Иллюстративті материал маңызды аксессуардың далалық костюмдегі дизайнының нұсқаларын көрсетеді.

Көрме 12 желтоқсанға дейін жұмыс істейді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109