3448

«7-20-25» бағдарламасының аясында мақұлданған өтініштердің саны бойынша Астана алда келеді

Астанада «7-20-25» бағдарламасы бойынша мақұлданған несиелердің жалпы сомасы 15 млрд теңгеден асады. 1 мыңнан аса астаналық банктің мақұлдауына ие болды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.  

Бүгін бұл еліміз бойынша ең үздік көрсеткіш. Алматы қаласы мен Маңғыстау облысы осы көрсеткіш бойынша екінші және үшінші орында.

Астана әкімдігінде өткен бүгінгі баспасөз мәслихатында «Баспана» Ипотекалық ұйымы» АҚ төрағасының орынбасары Дархан Байқуатов бағдарлама бойынша жеті ірі банктің өтініштерді қабылдайтынын атап өтті. Олар БанкЦентрКредит, АТФ-банк, Цеснабанк, Банк РБК, Евразия банкі, Халық банкі және Форте банк.

 «Біз тұрғын үйі бар немесе ипотекалық заемы барларға, тұрғын үйді несиелеу үшін жаңадан «Баспана хит» өнімін әзірлеп шықтық. Бұл – «7-20-25» бағдарламасынан бөлек «Баспана» ипотекалық ұйымының өнімі. Мұнда бастапқы жарна тұрғын үйдің 20% құрайды. Жылдық мөлшерлеме  Ұлттық банктің 9,25%, базалық ставкасы мен 1,75 % қосымша жылдық базалық мөлшерлемесінен құралады», – деді Дархан Байқкатов.

Сонымен, «Баспана хит» өнімі бойынша жылдық пайыздық мөлшерлемесі 11 % құрайды. Несие мерзімі – 15 жылға дейін. «Баспана хит» бойынша 732 млн теңге сомасындағы 80 өтініш қабылданды. Олардың 257 млн теңге сомасындағы 30 өтініші мақұлданды. Осы мақұлданған заемдардың тең жартысы Астананың үлесінде», - деп хабарлады спикер.   

 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109