3568

iKomek орталығының тәжірибесі Қазақстанның барлық қалаларына таратылады

Астанада Мемлекет басшысының қатысуымен VIII Азаматтық форумның екінші күніндегі пленарлық отырыс «Азаматтық қоғам және мемлекет: Диалог. Серіктестік. Сенім» тақырыбында өтті. Форумға қатысушылар 2020-2025 жылдарға арналған азаматтық қоғам институттарын дамыту кезеңіндегі тұжырымдама жобасын талқылады. Онда қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығының басшысы Жаннат Дүбірова iKomek орталығын құрудағы тәжірибесі туралы айтты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.                

11 айда 800 мың өтініш қабылданды. Өтініштің 77% -ы алғашқы қоңырау түсісімен пысықталды. Бүгінгі таңда өтініштердің 99% -ы бойынша жұмыс жүргізілді.

«Қалалардың, аудандардың әкімдеріне цифрлық технологияларды қолдана отырып, бірыңғай терезе бойынша ашық кеңістік қағидатында халыққа кедергісіз қызмет көрсету жүйесін енгізу қажет»,- деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Президенттің пікірінше, халықпен байланыста заманауи цифрлық технологияларды пайдалану маңызды.

«Мұндай тиімді қызмет етудің моделі астаналық I-Komek қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығы. Бұл тәжірибені еліміздің барлық аймағына тарату керек. Аталған шаралар мемлекеттік органдардың ашықтығы мен жұмысының тиімділігін қамтамасыз етеді. Бұл – біздің ортақ міндетіміз», - деп атап өтті Елбасы.

«Біз АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Сингапур, Араб Әмірліктері, Оңтүстік Корея, Австралия, Жапония елдерінің халықаралық тәжірибесін талдадық. Сосын АҚШ пен Канадада қолданылған жүйелі тәсілді таңдадық, онда тек екі нөмір: 9-1-1 және 3-1-1 нөмірлері қолданылған.  Олар бұл жүйені 28 жыл қалыптастырған, ал біз олардың тәжірибесін 10 айда енгіздік. 

Бүгінгі таңда iKOMEK орталығына барлық колл-орталықтар мен коммуналдық қызметтер, су, жылу, электр қуаты, коммуналдық төлемдер, қоғамдық көлік біріктірілген. Бізде қаладағы кез-келген мәселе, кез-келген сұрақ бойынша жауап беретін және консультация беретін әмбебап 60 оператор жұмыс істейді.  Біз «Қоңырауға ешқашан жауап бермейтін коммуналдық қызмет» мәселесін шештік»,- деді Жаннат Дүбірова.

iKomek орталығы Facebook, Instagram әлеуметтік желілері арқылы да азаматтардың өтінішін қабылдайды. 11 айда барлық өтініштердің 8% - 64 мыңы тек әлеуметтік желілер арқылы түскен. Аудандар кеңсесіне, әкім аппаратына және басқармаларға келетін ресми өтініштердің саны 23%-ға азайғаны байқалады.

 

 

 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109