1338

Самат Тергембаев: Елбасы мақаласы Қазақстанның дамуына жаңа серпін береді

«АЛЖИР» мұражайының директоры  Самат Тергембаев Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласына қатысты өз пікірін білдірді.

Өткенін білмей, бүгінгі күннің мәнін және болашақтың мақсатын түсіну қиын. Біздің еліміздің өткен тарихы болмаса, оның қазіргі таңда жетістіктері, әлемдік танымалдығы мүмкін болмас еді. Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы осы тезисты  толығымен ашады.

Жылдан жылға, әсіресе,  жас ұрпақтың тәрбиесінде бұл мәселенің  маңызы артуда.

Сондықтан, мұражай директоры ретінде айтарым, біздің қызметіміздегі басты міндет – мәдени, тарихи мұраны сақтау, өскелең ұрпақты патриотизм мен туған еліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Елбасының мақаласын зерделеп, «Ұлы даланың ұлы есімдері», «Ұлы даланың ежелгі өнер және технологиялар музейі», «Архив-2025», «Түркі өркениеті: түп тамырынан қазіргі заманға дейін» жобаларының, деректі-қойылымдық фильмдердің, телевизиялық сериалдардың өндіріске енгізілуін қолдаймын. Бұл Қазақстан тарихы дамуының толассыздығын көрсетеді.

Осы жобалардың орындалуы тек ғана патриоттық сезімге, Отанға деген сүйіспеншілікке, этникааралық қатынастарды нығайтуға бағытталған тәрбиеге ғана емес, ол заманауи  Қазақстанның дамуына жаңа серпін беретініне сенімдімін.

Мақаланың негізгі идеясы – тарихи сананы жетілдіру, «Ұлы даланың жеті қыры» – «Рухани жаңғыру» мақаласының жалғасы. Оны жастарға арналған ұлттық бағдарламаның жаңа компоненттері деп атауға болады.

«АЛЖИР» мұражайының қызметкерлері келушілерге, әсіресе студенттерге, оқушыларға, Ұлт көсемі айтқандай, біздің тарихымыздың құндылықтарын жеткізуде тынбай еңбек ететін болады. 

 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109