1517

Әкімдікте кезекте тұрған азаматтардың қандай жағдайда пәтерінен айрылатыны туралы айтылды

2018 жылдың тамызы мен қараша аралығында коммуналдық тұрғын үй қорындағы тұрғын үйге кезектің инвентаризациясы жүргізілді. Нәтижесінде одан 4111 адам шығарылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Бұл – тұрғын үйге мұқтаж деп танылуға негізі жоқ азаматтар. Сол себепті олардың аталмыш кезекте тұруға құқы болмайды.  

«Кезектен шығару тұрғын үй комиссиясында өткізіледі. Біз кезектен шығару мәселесіне өте жауапты әрі мұқият қараймыз», - деді әкімдікте өткен баспасөз мәслихатында Астана қаласы әкімдігіндегі тұрғын үй қорының директоры Нұрсұлу Қожахметова.

«Кезектегі орынды қайта алу мәселесіне толығырақ тоқталайын. Мұндай шаралар тек сот шешімімен немесе прокуратура органдарының ұсынысы бойынша орындалады. Арыз берушілер бізге өздерінің кезегіне қатысты жағдайды түсіндіріп беруді талап ететіндер бар. Олар кезегінің бірде ілгері жылжып, бірде бірнеше позицияға кейінге сырғығанының себебін сұрайды.  Мұндай жағдай белгілі бір себептермен кезектен шығарылған басқа арыз беруші күшіне енген сот шешімін бергендіктен орын алады. Біз ол адамды кезекке қайта тұрғызуға міндеттіміз», - деді ол.

Оның мәліметінше, тұрғын үй қорының қызметкерлері түрлі алаяқтықтың алдын алу үшін күн сайын мониторинг жүргізеді, кезінде кезек бойынша берілген пәтерлері бар әр үйлерді аралайды.

«Бізде үйлерінде кезектегілердің өздері емес, пәтер жалдаушылар тұрып жатқан жағдайлар аз емес.  Мұндай жағдайда біз оларға келісімнің шарты бұзылғандығы туралы ескерту жолдап, оны түзетуге уақыт береміз. Егер бұзушылық жойылмаса, біз соттың көмегіне жүгінеміз. Ол пәтер кезекте тұрған келесі адамға беріледі», - деді ол.

Н. Қожахметованың мәліметінше, тамыздан бері мұндай 76 оқиға бойынша пәтер иелеріне ескерту жасалған. Үйден шығаруға қатысты үш шағым сотқа жіберілді.

 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Астана қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Астана – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109