1545

Кентау Назарбек: Мемлекет басшысының жаңа мақаласы – түркі әлемінің ортақ игілігі

Атақты композитор Кентау Назарбек Н. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласына қатысты пікірімен бөлісті.

-Елбасының бағдарламалық "Ұлы даланың жеті қыры" мақаласы - түркі мен Ұлы даладан бастау алатын тамырлас жұрттардың да ортақ игілігіне айналары сөзсіз.

Бұл мақалада, қазақ жерінде металургияның осыдан бірнеше ғасыр алдын дамығаны, атқа міну мәдениетінің ұлы даладан бастау алғандығы, Түркі әлемінің бесігі болған қазақ жерінің киелі дала екендігі, Ұлы Жібек жолының қазақ даласынан өтуі және аяғы жерден көтеріліп, атқа қонған қазақ ешкімге кеудесін бастырмаған батыр xалық екендігін түсіндіру, ата-баба мұратына салмақты санамен қарап, қазақ тариxының ертеден дамығандығын xалық санасына сіңіру және заманауи бағытта дамыта түсу стратегиясы көрсетілген.

Мен үшін мақаладағы «Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы» Кентаубөлімі бәрінен ерекше.

Қазіргі  заман  талабынан туындайтын мəселелердің бірі – жас ұрпақты жаңа қоғам мүддесіне лайықты жан-жақты дамыған парасатты адам ретінде қалыптастыру, оның бойында ұлттық психология, ұлттық сананы орнықтыру, əлеуметтік ортадағы, өзін қоршаған дүниедегі табиғат, адам өміріндегі, əдебиет пен өнердегі, тұрмыстағы, салт-дəстүрдегі сұлулықты, жақсы мен жаманды ажырата білуге тəрбиелеу. Олай болса, ата- бабаларымыздың салт-дəстүрлерін, əдет- ғұрпын, əдеби, мəдени бай қазынасын ұрпақ зердесіне орнықтырып, парасатты, эстетикалық талғамы жоғары азамат eтіп тəрбиелеу және Ұлы дала елінің келешектегі цифрлық форматын дамытуға атсалысу - әрбірімізге қастерлі міндет!

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109