2390

Елордалық мектептер 23 тоннадан астам қалдықты қайта өңдеуге тапсырды

Астана қаласының мектептерінде экологиялық мәдениетті дамыту мақсатында  тұрмыстық қалдықтарды сұрыптап тастау «Қайта өңдеу үшін сұрыпта-Vпереработку» акциясының екінші кезеңі өткізілді. Алғашқы экологиялық шараға 27 мектеп қатысса, осы жолғы акцияға елорданың 56 мектебі ат салысты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты ӨКМ Операторы баспасөз қызметіне сілтеме жасап.                

Эко-шара аясында мектеп оқушылары қағаз, пластик сияқты қайта өңдеуге жарайтын  қалдықтарды сұрыптап тапсырды. Әрбір сынып өткізген қалдығын  таразыға өлшеді. Соның нәтижесінде қалдықты ең көп тапсырған сынаптар анықталды. 

Экологиялық шараның екі кезеңі бойынша Астана қаласының барлық мектебінен 23 тонна қағаз бен пластик қалдықтары жиналды. Алғашқы кезеңде қалдықтың 6 тоннасы тапсырылса, екінші эко-шарада өңдеуге жарамды қалдықтың 17 тоннасы қабылданды.

«Қайта өңдеу үшін сұрыпта» акциясы шеңберінде тақырыпқа сәйкес сабақтар, квест (ойын сабақ) және тағы басқа танымдық-тағылымдық шаралар ұйымдастырылды.

Естеріңізге сала кетейік, Астана қаласы бойынша тұрмыстық қалдықтарды сұрыптап жинау жүйесі енгізілді. Әрбір аулаға қайта өңделетін қалдықтарды тастауға арналған сары түсті контейнерлер орнатылуда. Алдағы уақытта елордалық мектептерде қағаз бен пластикке арналған арнайы жәшіктер орнату ісі де қолға алынады.

 

 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109