4198

Астананың 10 жас боксшысы ел чемпионатына қатысады

Жарысқа іріктеу кезеңінде елорданың спортшылары бір «алтын», екі «күміс» және жеті «қола» медальға ие болды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Мәдениет және спорт басқармасында белгілі болғандай, Астаналық былғары қолғап шеберлері бокстан ел чемпионатына қатысуға мүмкіндік беретін 10 лицензияны ұтып алды.  

«Павлодар облысының Ақсу қаласында 2003-2004 жылы туылған жасөспірімдер арасында бокстан Қазақстан Республикасының аймақтық чемпионаты өтті. Кадеттер арасында бокстан ҚР Чемпионатына лицензия алу құқығына ие болу үшін «Солтүстік-Шығыс» тобының спортшылары 14 салмақтық санатта күш сынасты. Жарысқа Қарағанды, Қостанай, Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстары мен Астана қаласынан 188 спортшы қатысты», - делінген ведомствоның хабарламасында.

Астана қаласы әкімдігінің «№3 ОРМБЖСМ-нің» құрама командасының құрамында 22 спортшы жұдырықтасты. Жарыс қорытындыларына сәйкес, елордалық боксшылар 1 «алтын» (Оралбек Абдықадыров), 2 «күміс» (Бақберген Алиасқаров, Нұрқадам Әбдірештегі) және 7 «қола» (Дулат Амангелді, Бақдәулет Бөлекбай, Ерасыл Сембеков, Дильшат Нұрмағамбетов, Темірлан Темірбеков Темірлан Аманбек және Темірлан Мұқатаев) медальді еншіледі.

Осылайша, Астананың жас боксшылары 2019 жылдың қаңтарында Өскеменде өтетін республика чемпионатына қатысуға мүмкіндік беретін 10 лицензияға ие болды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109