1433

Зулфухар Гаипов: Мыңжылдық тарихымызды әлемдік аренада танытуымыз керек

Саяси ғылымдардың докторы Зулфухар Гаипов Мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласына қатысты өз пікірін білдірді.

Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы – бұл «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының логикалық жалғасы.

Тәуелсіз ел атанғаннан бері Елбасы мемлекетіміздегі білім беру, мәдениет сияқты салалардың дамуына үлкен мән береді. Аталмыш салаларды дамыту ға бағытталған бірқатар мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылды. Мәселен, «Мәдени мұра» бағдарламасының аясында елімізде қыруар шаруа атқарылды. Егер бұл бағдарлама тек ел ішінде таралса, енді алдымызда Қазақ елінің тарихын әлемге паш ету міндеті тұр.

Бұл мақалада көрсетілген жобалардың барлығы да ренессанстық сипатқа ие деп айтсақ, қате емес. Аталған жобаларды іске асырудың нәтижесінде біз тың деректерге қол жеткіземіз. Олардың халыққа беретіні мол.

Біз қазір әлемге ұлы халықтың мұрагері екенімізді айта аламыз. Елбасы осыны БАҚ саласындағы технологияларды дамыта отырып, дүйім жұртқа танытуымыз керек дейді.

Мысалға, Египтті алып қарасақ, пирамида есімізге түседі. Париж дегенде, көз алдымызға Елесей жазығы елестейді. Ұлыбритания дегенде, Бигбен сағаты жадымызға бірден оралады. Сол сияқты біздің де ұлттық мақтанышымыз болу керек.

Біздің халық кеше ғана пайда болған халық емес. Оның мыңжылдық тарихы бар. Осыны әлемдік аренада танытуымыз керек.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109