1860

Ондаған адамды алдаған алаяқ ұсталды

Астана полициясы Интернет желісінде банктегі байланысы арқылы кез келген сомада несие  рәсімдеп беру қызметінде делдал болуға уәде беретін алаяқтар туралы ескертеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Астана қаласы полиция департаментінің мәліметінше, алаяқтар www.olx.kz сайтына несие тарихы нашар азаматтарға банктен несие алуға көмек беретіні туралы хабарландыру жариялайды. Сақтандыру қызметін сылтауратып алдымен QIWI-әмиянға ақша аударуын талап етеді. Ақшаның құйылғанын көрген соң, олар  хабарландыруды өшіріп, абоненттік номерден құтылып отырады.

Айталық, 15 қарашада криминалдық полиция қызметкерлері жоғарыда аталған схема бойынша 10-нан астам адамды алдаған 24 жастағы ер азаматты қолға түсірді.

Зардап шегушілермен әңгіме барысында ер адам банкте таныстарының барын айтып, несиенің расталуына уәде берген.  

Қазіргі таңда ұсталған азаматқа қатысты ҚР ҚК 19 бабы (алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Аталған азаматтан зардап шеккен тұлғалардың саны бұдан да көп болуы мүмкін. Сол себепті жәбір көргендер Астананың полиция департаментіне (Бейбітшілік 19)  8(7172)71-62-91, 71-63-35 нөмірлері бойынша хабарласуы керек.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Астана қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Астана – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109