Астанаға 5 мың тоннадай көмір жеткізілді
Бүгінгі таңда елордадағы көмірдің жалпы қоры 12560,54 тоннаны құрады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
5 желтоқсанда елордаға 4829 тонна көмір жеткізілді. Оның 2001 тоннасы – «Шұбаркөл», 897 тоннасы – «Қаражыра», 1586 тоннасы – «Майкөбе», 345 тоннасы – «Богатырь көмірі» маркалы көмір.
«Шұбаркөл» маркалы көмірдің тоннасы Астанада 13 600, «Қаражыра» тоннасы 14 000, «Майкөбе» тоннасы 12 500 , «Богатырь көмір» тоннасы 9 500 теңге, «Кузнецкий» тоннасы - 12 500 теңгеден сатылуда.
Астанада отын сатумен айналысатын 8 компания бар.
Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы сатушылармен бағаны көтермеу жөніндегі меморандумға қол қойған болатын. Астана әкімдігі күн сайын нарықтағы көмірге қатысты жағдайға мониторинг жүргізіп, оны үнемі бақылауында ұстап отыр. «iKomek» қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығының базасында тұрғындар үшін арнайы жедел желі жұмыс істейді.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz