Энергия компаниялары борышкерлерінің 100 мың теңгеге дейінгі өсімпұлы есептен алынады
«Астанаэнергосбыт» ЖШС «Жаңа жылға – қарызсыз» акциясын бастады
Ол үшін қала тұрғындары осы жылдың 31 желтоқсанына дейін электр және жылумен жабдықтау қызметтерінің берешектерін толығымен өтеуі тиіс, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.
«Астанаэнергосбыт» ЖШС «Жаңа жылға – қарызсыз» акциясының басталуы туралы хабарлайды. Жеке тұлғалар үшін акция 6-31 желтоқсан аралығында өткізіледі.
«Шара аясында осы жылдың 31 желтоқсанына дейін электр және жылумен жабдықтау қызметтерінің берешектерін толығымен өтеген тұтынушыларға төленбеген өсімақыларының 100 мың теңгеге дейін көлемін бір жолға есептен шығарылуы жүзеге асырылады.
«Жаңа жылға - қарызсыз» акциясының шарттары:
- Берешекті төлеу (бар болса);
- 2018 ж. қараша айының төлемдерін төлеу;
- Төлем 2018 жылдың 31 желтоқсанына дейін орындалуы тиіс.
«Астанаэнергосбыттың» барлық сервис-орталықтарында, сондай-ақ терминалдар және онлайн-сервистер арқылы қарыздарды төлеуге, өсімпұлдарды есептен шығаруға болады. Борыштың өтелгендігі туралы түбіртекті берудің қажеттілігі жоқ. Барлық төлем операциялары автоматты түрде деректер базасына енгізіледі. Өсімпұлдың есептен шығарылуы қаңтардың түбіртегінде көрініс табады.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz