2097

Астананың музыка және көркемсурет мектептерін біріктіру жоспарда жоқ

2020 жылға қарай елорда оқушыларын қосымша біліммен қамту 90-95% жеткізіледі, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

«Музыка және көркемсурет мектептерін біріктіруді жоспарлап отырған жоқпыз. Біз қосымша білім беру ұйымдарындағы жағдайды жақсарту мүмкіндігін қарастырудамыз. Ата-аналарға айтарым, босқа алаңдаудың қажеті жоқ. Ешкім де балаларды диплом мен сертификат берілетін сапалы білім алу мүмкіндігінен айырғалы тұрған жоқ», - деді астаналық білім басқармасының басшысы Әнуар Жанғозин. 

Сондай-ақ, басқармада мемлекеттік тапсырысты үлестірудің мүмкіндіктері жасалуда. Олардың ішінде жекеменшік ұйымдар да бар. Бұл жалақыны көтерудің қажеттігін жоққа шығарып, кәсіпкерлерді дамыту орталықтарын ашуға тартады.

Ә. Жанғозинның айтуынша, бүгін Астанадағы қосымша білім беру ұйымдары мемлекеттік ұйымдарға қарай шоғырланған. Бұл өз кезегінде аттам жердегі қолжетімділік пен олардың мүмкіндігі мен сұранысына сай қызығушылықтары бойынша айналысқысы келетін сабақты таңдауын көбіне қиындатады. Сол үшін балаларға өзінің негізгі оқитын жеріндегі мектептен қосымша білім алу үшін жағдай жасайтын шаралар қабылданды. Бұл оны расында қолжетімді әрі қауіпсіз етеді. 

«Өткен жылы филиалдар саны 90-ға жуық болса, бүгін олардың қатары 140-қа жетті. Аталған бағытта  жұмыстар жалғасуда. Бүгінгі таңда қала бойынша қосымша білім беруді қамту 74% құрайды. 2020 жылға қарай бұл көрсеткіш 90-95 % дейін жеткізіледі деп жоспарлануда.

Бұдан бөлек, музыка және көркемсурет мектебі желісін кеңейту, Оқушылар сарайы мен комьюинити-орталықтарының филиалын ашу жоспарланды», - деді Жанғозин.

Астанада № 68 және № 80 мектептің базасында екі орталық ашылды. Онда балаларға робототехника, ЗD-модельдеу, хореография, қолданбалы өнер, декоративті-қолданбалы өнер, вокал, халық аспаптары, ағылшын және қытай тілдері үйірмесі, сондай-ақ тоғызқұмалақ, футбол, баскетбол, волейбол, дзюдо және шахмат секциялары бар.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Астана қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Астана – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109