2656

Жыл басынан бері есірткі жарнамалайтын 100-ден астам сайт анықталған

Коммуналдық қызметтер, еріктілер және полиция қызметкерлері бірлесіп синтетикалық есірткі түрлерін тарататын 20-дан астам сайттың мекен-жайы жазылған граффити-суреттерді анықтап, өшірді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Жыл басынан бері полиция қызметкерлері мемлекеттік органдармен және жұртшылықпен бірлесіп, оқушылар арасында, колледж оқушыларының, жоғары оқу орындары мен ата-аналар арасында 300-ден астам профилактикалық іс-шара өткізді, оның ішінде нашақорлыққа қарсы күрес және алдын алу интерактивті сабақтары мен семинарлар.

«Қаладағы нашақорлыққа байланысты жүргізілген анализ каннабист тобына жататын және апиын түрлеріне байланысты туындаған тапшылық синтетикалық есірткінің сұранысын арттырып отыр. Олар біздің қалаға интернет тапсырыстар және почта жөнелтілімдері арқылы жеткізіледі. Бірінші қолданғаннан-ақ іш құрылыс бұзылып тәуелділік пайда болады. Тәуелділіктің тез артуы ол зиянды заттардың организмнен ақырындап шығуында. «Синтетиканы» қолданудан бас тартқанымен, оның зардабы өмір бойы қалады», - дейді ПД-нің есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының бөлім басшысы Сергей Ильиных.

Жыл басынан бері 107 интернет-ресурс анықталып, олар туралы мәліметтер тиісті ведомстволарға бұғаттау үшін ұсынылған.

Департамент есірткіні заңсыз жарнамалау немесе күдікті тұлғалардың кез келген заңсыз әрекеттері бойынша Астана қаласы ПД ЕБҚКБ: 71-63-93, 32-22-22 анонимді сенім телефондары бойынша  немесе 102-ге дереу хабарласуды сұрайды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109