5074

Грэпплингтен Азия чемпионатына іріктеу басталды

Жарысқа республиканың барлық өңірлерінен 600-ге жуық спортшы қатысып жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Шара Мәдениет және спорт министрлігінің және Астана әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылды.

«Грэпплинг дзюдо, самбо, джиу-джитсу, еркін, грек-рим және күрестің басқа да стильдерін біріктіреді. Мен біздің спортшылардан келесі жылы немесе екі жылдан кейін нағыз чемпиондар өсіп шығатынына үміттенемін», - деді ерлер мен әйелдер арасындағы грэпплингтен және грэпплинг гиден UWW спорттық күрес жарысының ашылуында сөз сөйлеген мәдениет және спорт басқарма басшысының орынбасары Берік Маржықпаев.

Қатысушылар екі бөлімде күреседі - грэпплинг (компрессиялы футболка мен қысқа шорты) және  грэпплинг ги (кимонода).

 «Біздің қауымдастығымыздың шеңберінде жарыс осымен екінші жыл өтуде. Осы жылы біз оны үш деңгейдегі шеберлікке бөлдік. Мұнда тек кәсіби күрескер ғана емес, спорттың осы түрімен жақында ғана айналыса бастағандар да қатыса алады. Спорт шебері дәрежесін жеңіп алғысы келетін балалардың мүмкіндігі бар. Соған сай титул мен абсолютті чемпион белбеуін жеңіп алғысы келетіндер ары қарай кәсіби деңгейде шығатын болады», - деді Қазақстан грэпплинг қауымдастығының президенті Қанат Алин.

Жарыстың бірінші күнгі қорытындысы бойынша жалпы есепте Астанадан келген команда көш бастады, екінші орында Павлодар облысы, үшінші орында – Оңтүстік Қазақстан келеді.

Қазақстандықтар арасында ноу ги санаты бойынша Әмір Оразалин (58 кг дейін), Құдайберген Алпысов (62 кг дейін), Бауыржан Алымбаев (66 кг дейін), Неймат Асадов (71 кг дейін), Бекзат Баймұратов (77 кг дейін), Мұхтар Ибрагимов (84 кг дейін), Марат Құрбанов (92 кг дейін), Максим Самцов (100 кг дейін ), Дмитрий Попов (100 кг жоғары), Ғалия Сейдилдаева (53 кг дейін), Диана Шапенова (58 кг дейін), Гүлмарал Омар (64 кг дейін),  Арайлым Жәнібек (71 кг дейін),  Мархаббат Ақылбаева ( 71 кг жоғары) чемпион атанды. 

Біріншіліктің қорытындысы бойынша жеңімпаз чемпион белбеуіне ие болып, алда тұрған Азия чемпионатында елдің намысын қорғайтын болады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109