2126

Грэпплинг бойынша өткен жарыстың жеңімпаздары белгілі болды

Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан намысын Азия чемпионатында қорғайтын Ұлттық құрама жасақталды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

«Грэпплингтен өткен Қазақстан кубогына еліміздің түкпір-түкпірінен шамамен 700 спортшы қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынды Астана, екінші орынды Шымкент, үшінші орынды Павлодар қаласының командасы алды», - деді ҚР грэпплинг қауымдастығының президенті Қанат Алин.

Ноу ги санатында Әмір Оразалин (58 келі), Құдайберген Алпысов (62 кг дейін), Бауыржан Алымбаев (66 келіге дейін), Неймат Асадов (71 келіге дейін), Бекзат Баймұратов (77 келіге дейін), Мұхтар Ибрагимов (84 келіге дейін), Марат Құрбанов (92 келіге дейін), Максим Самцов (100 келіге дейін), Дмитрий Попов (100 келіден жоғары), Ғалия Сейдилдаева (53 келіге дейін), Диана Шапенова (58 келіге дейін), Гүлмарал Омар (64 келіге дейін), Арайлым Жәнібек (71 келіге дейін), Мархаббат Ақылбаева (71 келіден жоғары) чемпион атанды.

Ги санатында Нұрдәулет Омаров (58 келіге дейін), Владислав Мухортов (62 келіге дейін), Ғалымжан Омар (66 салмаққа дейін), Саят Керімбекұлы (71 салмаққа дейін), Жанболат Ибрагимов (77 келіге дейін), Заирбек Абылқадыров (84 келіге дейін), Абу-Бакар Албаков (92 салмаққа дейін), Бақдәулет Абызов (100 кг дейін), Сәулет Абусалихов (100 келіден жоғары), Ғалия Сейдилдаева (53 кг дейін), Диана Шапенова (58 келіге дейін), Фазира Құлұнтай (64 келіге дейін), Айжан Болат (71 келіге дейін), Мархаббат Ақылбаева (71 келіден жоғары) жеңіс тұғырынан көрінді.

Іс-шара ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен Астана әкімдігінің қолдауымен өтті.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109