3492

Серікзат Дүйсенғазы: Іргелі жобалардың қолға алынуы – ұлт мәдениеті үшін үлкен жаңалық

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Қазақ әдебиеті кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты Серікзат Дүйсенғазы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласына қатысты өз пікірін білдірді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.           

- ҚР Президенті Н. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы қазақ халқының сан ғасырлық тарихы мен ұлттық мәдениетінің жаһандық тарихтағы орнын дұрыс пайымдауға серпіліс береді деп санаймын.

Біріншіден, мақалада халқымыздың өткен тарихындағы жеті маңызды қыры айтылады. Жеті – біздің ұлттық ұғымымыздағы қасиетті сан.

Екіншіден, біздің жерімізде пайда болған, біздің даламызда ойлап табылған материалдық мәдениеттен бастап, тарихы Қазақстан аумағынан тамыр тартқан атқа міну мәдениеті, дамуы байтақ даламыздан басталатын ежелгі металлургия, қоршаған ортамен тығыз байланыстағы бабаларымыз қалыптастырған аң стилі, ғылым үшін әлемдік сенсациялық жаңалық 1969 жылы Есік қаласынан табылған «Алтын адам», Түркі әлемінің бесігі Алтай тауы мен Түркістан қаласының біздің территорияда тұруы, Еуразияның шығысы мен батысын жалғаған Ұлы Жібек жолының біздің даламызды көктей өтуі, алма мен қызғалдақтың тарихи отаны Алатаудың біздің жерімізде орналасуы сияқты әлемге көрсете алатын бірегей ұлттық құндылықтарымыздың барлығы қамтылған екен.

Мені қуантқаны, осы мақала арқылы тарихи санамызды жаңғыртудың екінші кезеңіне өтетініміз. Елбасының бір жарым жыл бұрын жарияланған «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» атты мақаласында қамтылған мәселелердің жалғасы ретінде, отандық және шетелдік мұрағаттарда сақталған тарихи деректерді іздеп тауып, зерттеу үшін «Архив-2025» жеті жылдық бағдарламасын қабылдау, тарихи тұлғалаларымызды ұрпаққа ұлықтау мақсатында «Ұлы даланың ұлы есімдері» атты оқу-ағарту саябағын ашу, театрларда ұлы тұлғалардың бейнесін жаңаша сомдау, «Ұлы дала тұлғалары» атты ғылыми-көпшілік серияларды жариялау, 2019 жылы Түркі халықтарының конгресін өткізу және түркі халықтарының мәдени күндерін ұйымдастыру, «Ұлы дала» атты ежелгі өнер және технологиялар музейін ашу, «Дала фольклорының антологиясын» жасау, Қазақстанның өркениет тарихының үздіксіз дамуын көрсететін деректі-қойылымдық фильмдер, телевизиялық сериалдар, толық метражды көркем картиналар түсіру арқылы даңқты батырларымыз бен ойшылдарымызды, ел билеушілеріміздің тұлғасын әлемге паш ету сияқты іргелі жобалардың қолға алынуы ұлт мәдениеті үшін үлкен жаңалық деп қабылдадым.

Қорыта айтқанда, Елбасымыз Н.Назарбаевтың мақалада атап көрсеткен тың бастамаларын жалпы халық болып қолдап, оның жүзеге асуына әрқайсымыз мүдделі болуға тиіспіз. Өз басым, осы елдің азаматы ретінде мақалада қамтылған мәселелердің әрқайсысын маңызды деп санаймын.

 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109