3290

Қазақстандық Digital System Servis маршрутизаторлар, коммутаторлар және АТС шығаруды ұйымдастырды

Аталмыш жобаның ерекшелігі аталмыш өнімдердің компания әзірлемесі болып табылатындығында, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Бүгін Елбасы «Индустрияландырудың екінші бесжылдығы: Қазақстанда жасалған» атты жалпыұлттық телекөпір барысында «Digital System Servis» ЖШС жобасын іске қосты.

Жобаның бірегейлігі схемалық техника мен бағдарламалық шешімдерден өндірістің толық цикліне дейінгі өнімдердің барлығы компанияның әзірлемесі болып табылуында. Бұл өнімнің шетелдік баламаларға бәсекеге түсуіне мүмкіндік берді.

«Қазақстандық әзірлемелер біз өндіретін жабдықтың аппараттық және бағдарламалық бөлігі өндірістің негізі болды. Барлық әзірлемелер авторлық құқықпен, патентпен, куәліктермен қорғалған. Жергілікті қамтудың үлесі 50% - дан асады», деді  «Digital System Servis» ЖШС бас директоры Марат Мұсабеков телекөпір барысында.

Зауыт өнімдері жақын және алыс шетелдерге экспортқа шығарылатын болады. Жалпы құны 1 млрд теңгені құрайтын жоба «Сандық Қазақстан» бағдарламасы аясында  жүзеге асырылуда.

Зауыт пайдалануға берілген кезде 100 адамды жұмыспен қамтамасыз етпек. Компания сонымен қатар сыртқы Әзірбайжан, Иран, Ресей және Өзбекстан сияқты елдердің нарығына да шығады.

Бүгін ЕХРО Конгресс-орталығында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Индустрияландырудың екінші бесжылдығы: Қазақстанда жасалған» атты жалпыұлттық телекөпір өтті. 

Жалпыұлттық телекөпір барысында еліміз бойынша жаңа жұмыс орындары, заманауи инфрақұрылым, цифрлық қызметтер мен сервистер ашылды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109