4452

Астанада Рэй Кунидің «Туған күн» атты комедиялық пьесасы көрсетіледі

12-13 желтоқсанда елорда тұрғындары мен қонақтары «Туған күн» пьесасын тамашалай алады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты мәдениет және спорт басқармасына сілтеме жасап.

Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ драма театрының әртістері ағылшын драматургы «Күлкілі ақшалар» спектаклінің негізінде «Туған күн» қойылымының премьерасын ұсынады.Спектакльдің режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Болат Ұзақов.

«Қазіргі заманғы театр әлемінде Рэй Кунидің «Күлкілі ақшалар» пьесасы комедия жанрының жауһары болып есептеледі. 

Ағылшын драматургы жеңіл сарказм және тамаша юмор арқылы көрермендерге психологиясы мен мінез-құлқын қас қағым сәтте өзгертетін кейіпкерлер туралы ойдан шығарылған ерекше оқиғаны көрсеткен», – делінген ведомствоның хабарламасында.

Спектакльдегі сюжеттің қызықты өрбуі, бір мезеттік үрей, қыруар ақшаның кесірінен орын алатын шексіз былық адам болмысының шынайы табиғатын аша түседі.  

Қойылым сағат 18:30-да басталады. Билеттерді театр кассасынан сатып алуға болады.

 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109