1887

Астанаға көмірдің 555 тоннасы жеткізілді

Қаладағы көмірдің жалпы қоры 11 мың тоннаны құрайды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Астанаға жеткізілген  555 тонна көмірдің 345 тоннасы –  «Шұбаркөл»,  210 тоннасы –  «Қаражыра» маркалы көмір.

Отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасында белгілі болғандай, 12 желтоқсандағы жалпы көмір қоры 11 143,82 тоннаны құрайды. Қазіргі таңда нарықтағы көмірге қатысты жағдай тұрақты.

Астанадағы көмірдің бағасы төменде көрсетілген:

«Шұбаркөл» тоннасы  –  11 400 теңге,

«Қаражыра» тоннасы –  13 200 теңге,

«Майкөбе» тоннасы – 12 500 теңге,

«Богатырь көмір» тоннасы –  9000 теңге,

«Кузнецкий» тоннасы –  12 250 теңге. 

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы сатушылармен бағаны көтермеу жөніндегі меморандумға қол қойған болатын. Астана әкімдігі күн сайын нарықтағы көмірге қатысты жағдайға мониторинг жүргізіп, оны үнемі бақылауында ұстап отыр.  «iKomek» қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығының базасында тұрғындар үшін арнайы жедел желі жұмыс істейді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109