2669

Елордада жанкүйерлер арасында «Astana Arlans» бокс турнирі басталды

Чемпионатта Қазақстан өңірлерінің намысын қорғайтын жүзден аса қатысушы сынға түседі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. 

«Astana Arlans»  кәсіби бокс клубы тұңғыш рет әуесқой боксшылардың турнирге қатысуына мүмкіндік береді. Сайыс бұқараны дене шынықтыру мен спортқа тарту, боксты насихаттау және «Astana Arlans»  бокс клубының беделін арттыру мақсатында өткізіліп жатыр.

Ашылу салтанатына Астана қаласындағы президенттік клубтың бас директоры Асқар Баталов, Парламент Мәжілісінің депутаты, Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев, «Astana Arlans», спорт клубының бас директоры, Олимпиада чемпионы Бахтияр Артаев қатысты.
«Мен сіздерді алда келе жатқан Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын, біздің тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын, ал бокс ешқашан өшпейді! Біздің бұл турнирді өткізу себебіміз – жанкүйерлер болмаса, спортшылар болмайды. Турнир спорттық жанкүйерлерге деген құрметімізді білдіру мақсатында ұйымдастырылды», – деп Бахтияр Артаев қатысушыларды құттықтады.

Байқаудың жеңімпазы «Astana Arlans» кубогын, медаль, сертификат және ақшалай сыйлыққа ие болады.  Екінші орын иегері медаль, диплом және ақшалай сыйлықпен марапатталады. Үшінші орынға медаль және диплом ұсынылған.
Сонымен қатар, жеңімпаздар «Турнирдің үздік боксшысы», «Көрермендер көзайымы», «Жеңіске жетелеген жігер» аталымдары бойынша марапатталады.

Турнир 13-16 желтоқсан аралығында «Дәулет» спорт клубында өтеді. 16 желтоқсанда турнирді тамашалаушылар тек қана жанкүйерлер арасындағы жекпе-жектерін ғана емес, сондай-ақ кәсіби бокс кештерін де тамашалай алады. Кештен кейін бокс қолғаптары мен дулығалары аукционға қойылады. 
Одан түскен қаражат қайырымдылыққа жіберіледі.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109