2266

«Байқоңыр» ауданында жаңа отбасылық-дәрігерлік амбулатория ашылды

Бір ауысымда 100 адамды қабылдауға қауқарлы жаңа «Өндіріс» отбасылық-дәрігерлік амбулаториясы ашылды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Амбулаторияның ашылуына «Байқоңыр» ауданының әкімі Ерлан Каналимов, қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қамалжан Надыров, Астана мәслихатының депутаты Зейнулла Шибкенов қатысты.

«Жоба мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жүзеге асты. «Өндіріс» ОДА 20-30 мың адамға қызмет көрсетуге арналған. Пайдалануға беру үш кезеңнен тұрады: бірінші кезең – осы жылдың 19 желтоқсанында жалпы алаңы 218 ш.м. құрайтын жеке тұрған ғимаратта педиатриялық бөлімшенің ашылуы, екінші кезеңі – 2019 жылдың ақпанында жұмыс істеп тұрған «Сенім» ОДА ғимаратын жөндеуден өткізу; үшінші кезең – 2019 жылы «Өндіріс» отбасылық денсаулық орталығында жеке тұрған ғимаратын жаңғырту және 450 ш.м. қосымша орын беретін екінші қабатты қосу», - деді Ерлан Каналимов.

Амбулатория толық іске қосылғанда 89 адам жұмыспен қамтылатын болады.

Жаңа емхана «Өндіріс» ТА Кемеңгерұлы көшесі, 18/2 мекен-жайында орналасқан.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109