Елорда әкімдігінде бизнестің бәсекеге қабілеттілігі талқыланады
23 тамызда Астанада Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі, «Стратегиялық бастамалар орталығы» (CSI), «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ мен «Атамекен» ҰКП Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен «Бәсекеге қабілетті бизнес– Бәсекеге қабілетті экономика» тақырыбы бойынша кездесу өткізеді. Оған бизнес қауымдастығының, қаржы институттары мен даму институттарының, орталық және жергілікті атқарушы органдар өкілдері қатысады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Кездесуде қазақстандық бизнестің халықаралық рейтингтердегі бәсекеге қабілеттілігі, оның ішінде қолайлы бизнес ортаны қалыптастыру, инфрақұрылымға қолжетімділік, кадрлар даярлау, қаржыландыру және жаңа технологияларды ілгерілету мәселелері талқыланатын болады. Шара барысында мемлекеттік органдардың өкілдері қолға алынған жұмыстар жөнінде ақпарат беріп, бизнес өкілдерінің сауалдары мен ұсыныстары тыңдалатын болады. Кездесудің қорытындысы бойынша отандық бизнестің бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеу жоспарланып отыр.
Өткізу орны: Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 11, Астана қ. әкімдігінің әкімшілік ғимараты. Басталуы: сағат 10:00 де.
Қосымша ақпарат бойынша мына телефон нөмірлеріне хабарласуды сұраймыз: +7 707 854 50 49 («Атамекен» АКП), +7 7172 55 69 21 (әкімдік), +7 701 730 75 75 (ұйымдастырушы).
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz