Астанада дауылды ескерту жарияланды
Синоптиктердің болжауынша, алдағы күндері Астанада аяз күшейетін болады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
«Қазгидромет» РМК мәліметтеріне сәйкес 25-26 желтоқсанда Астанада ауа температурасы түнде -33 – 35 градусқа дейін төмендейді. Ал Ақмола облысында 25-26 желтоқсанда түнде сынап бағанасы -32-37, кей жерлерде -40 градус аязды көрсетеді, Дауылдың ықтималдығы 95-100 % құрайды.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz