5203

Елорда мектептеріндегі ас мәзірі өзгереді

Астананың білім басқармасы ата-аналар кеңесі және тамақтандыру қызметін көрсететін ұйымдармен бірлесіп, жаңа ас мәзірін әзірледі. Жаңа мәзірде Қазақ тағамтану академиясының ұсынсытары ескеріліп, тыйым салынған азық-түлік өнімдерінің тізімі анықталған, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.  

«Жаңартылған мәзірде таңертеңгі ауысымда оқитын балалар үшін таңғы ас, сағат 10:00 кейін оқитын балалар үшін түскі ас қарастырылған», - деп мәлімдеді білім басқармасының басшысы Әнуар Жанғозин.

«Мысал үшін, күріш ботқасы сүтке пісірілсе, бутербродтарға май мен ірімшік қосылады.Балаларға алма, алмұрт сияқты жемістер, қант қосылған шай беріледі. Бұл – таңертеңгі ауысымда оқитын балаларға арналған таңғы ас. Сағат 10:00-ден кейін сиыр етінен жасалған котлета, гарнир ретінде макарон, нан, алма мен қант қосылған шай беріледі», - деді ол.

Күніне бір балаға бөлінетін бюджет 355 теңгені құрамақ.

 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109