4818

Астанада алғашқы «ақылды әрі жылы» аялдама ашылды

Инвестор елордада қоғамдық көлікті күтуге арналған 50-ден астам жылы аялдаманы ашуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Алғашқы Your I-Stop Жағалау шағын ауданында Орынбор көшесі, 4 мекен-жайы бойынша («Құлагер»ТК аялдамасы) ашылды. Бұл аялдамадан № 61 және 101 бағдарлар өтеді. Кестеге сәйкес өзіне қажетті автобус бағдарларын тұрғындар мұнда 8-20 минут аралығында күтеді. Ал енді осы уақытта астаналықтар жаңа аялдамада жылынып, телефонын да қуаттай алады. Мұнда сондай-ақ, кофе ішіп, жүрек жалғап алуға да болады. Аялдамада әжетхана да бар.

Жаңа аялдаманың ашылу рәсіміне «Есіл» ауданының әкімі Төлеген Закарьянов та қатысты.

«Біз жылы аялдаманы не себепті осы жерге орнатып отырмыз? Жағалау – жаңа шағын аудан. Ол қарқынды өсіп жатыр. Қазіргі кезде бұл ауданда 25 мың адам тұрып жатыр. Ал келер жылы тұрғындардың саны 35 мыңға жетеді. Бұл ауданда желдің қатты сезілуіне орай, жылы аялдаманы осында орнатуды жөн көрдік», - деді әкім.

Аялдаманың ауданы 16х3 метрді құрайды. Мұнда күту залы, сауда орны және әжетхана бар (ол ақылы).

Павильон энергия тұтыну деңгейі төмен инфрақызыл жылыту жүйесімен жабдықталғандықтан, аялдаманы «ақылды» деп атайды.

Ол Астанада жасалған. Жоба толығымен американдық I-Stop Inc компаниясының инвестициясының есебінен орнатылады. Аудан әкімдігінің қолдауымен аялдамаға коммуникация тартылған.

I-Stop Inc компаниясы өзінің салған қаржысын сыртқа жарнама есебінен қайтаруды жоспарлауда.

Келесі Your I-Stop аялдамасы Достық көшесінде ашылады («Қорғаныс министрлігі» аялдамасы). Ал 2019 жылдың аяғына дейін қалада осындай 50 аялдама ашылады деп жоспарлануда.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109