5494

Жедел жәрдемге арналған жаңа жабдық терапияны бірнеше минут ішінде жүргізуге мүмкіндік береді

Құрылғы дәрі-дәрмектерді науқастарға күрделі жағдайларда тез арада егуге көмектеседі, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Қалалық жедел жәрдем медициналық станциясының дәрігерлері инъекция мен инфузины жасауға арналған жаңа құрал-жабдықтарды көрсетті. Ол пациенттердің күре тамырын қиын жағдайларда тез анықтауға көмектесіп, олардың өмірін құтқаруға мүмкіндік береді.

«Біздің бригадалардың сапалы медициналық қызмет көрсетуі тікелей жылдамдыққа байланысты. Әсіресе, науқастың өміріне тікелей қауіп төнген кезде медициналық көмектің тез арада көрсетілуі аса маңызды. Мұндай жағдайда дәрігерлер барынша тез күре тамырды анықтап, дәрі-дәрмекті егуі керек», - деді жедел жәрдем станциясы бас дәрігерінің Арман Баянбаев.

Желтоқсанда жедел жәрдем станциясының 53 бригадасына күре тамырды анықтайтын AccuVein портативті құрылғылар берілді. Бұл құрылғы күре тамыры анық көрінбейтін науқастың тамырын анықтауға мүмкіндік береді. Құрылғы бірнеше сантиметрлі ара қашықтықтан 8 мм тереңдіктегі адамның барлық тамырын анықтап  береді.

«Кей адамдардың күре тамырларын анықтау мүмкін емес, тіптен көрінбейді. Күре тамырдың көрінбеуі тек сырқат адамда емес, кез-келген жанда болуы мүмкін. Мұндай жағдай адамдардың қан қысымы төмендегенде орын алады. Тамыр адам шошып кетсе, қан кетіп жатса, денесін күйік шалса көрінбейді. Бұрын дәрі-дәрмекті егу үшін тамырға бірнеше рет ине салу керек еді. Енді бірден табуға болады», деді Арман Баянбаев.

Бұдан бөлек, дәрігерлер сүйекішілік инфузиялық жүйелердің жұмысымен таныстырды. Олар 2018 жылдың шілдесінен бастап қолданыста. Мұндай жүйелермен 15 реанимациялық бригада жабдықталған. Оның көмегімен дәрі бірнеше секунд ішінде орталық қанағымға жетеді. Бұл инфузиялық терапияны қас қағым сәтте бастауға мүмкіндік береді. Осыдан кейін науқасты стационарға көшіруге болады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109