Жеңілдігі бар жолаушылар күн сайын 100 мың сапар жасайды
Астанада ресми тіркелген жеңілдігі бар 122 мың азаматтың 105 мыңы атаулы жеңілдік көлік картасын алған, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
"Жүргізілген талдау көрсеткендей, қазіргі уақытта, тасымалдаушыларға шығындарын өтеуге бөлінген сомадан жеңілдік көлемі бірнеше есе артық", - деп мәлімдеді "Астана LRT"-де.
Одан бөлек, 130 мың атаулы мектеп көлік карталары берілген.
"Aстана LRT" компаниясының мәліметінше, жеңілдігі бар жолаушылар күн сайын орта есеппен 100 мың сапар жасайды.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz