6616

Астанада «Aq meshit» мешіті салтанатты түрде ашылды

«Алматы» ауданындағы Ғ. Мұстафин көшесінде жаңа мешіт ашылды. Ол өзге мешіттерден құрылысымен ерекшеленеді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

«Ақ мешіт» мешітінің ашылу салтанатына арналған игі шараға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз қатысып, жаңадан ашылған мешіт рухани орталық бола отырып Елорданың сәулеттік келбетін аша түскенін айтты.

Оның айтуынша, мешіт мұсылмандардың мінәжат орны болумен қатар, бейбітшілік пен келісім және қазақ елінің тарихын, салт-дәстүрін оқу орталығы сондай-ақ, ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайту алаңы болады.

Жаңадан ашылған «Aq meshit» мешітінің ғимараты толығымен ақ мәрмәрмен көмкерілген.  

Құрылыстың бірегейлігі мұнаралардың санында. Мешіттерде дәстүр бойынша төрт мұнара болады. Архитекторлардың сызбасы бойынша жаңа мешітте екі мұнара бірақ, үш түрлі стильдегі секциялардан тұрады. «Ақ мешітте» бір мезетте 1200 адам құлшылығын өтей алады. Мешіт жанында салынған медресе 75 адамға арналған. Мешітте ерлер мен әйелдер арналған намаз залы, неке қию бөлмесі, мәжіліс залы, Құран оқуға арналған бөлме, мейрамхана және мәйітхана бар.

Медреседе сабақ өтетін 9 аудитория, оқушылар мен оқытушылардың тұруына арналған 28 бөлме бар.

Сонымен қатар, мұнда кітапхана, жаттығу залы, жеке асхана, медициналық пункт, шаштараз және киім жуу бөлмесі бар. Медресені ашудағы мақсат – рухани тәрбие беру.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109