3227

Полиция пиротехника заңсыз түрде сатылатын орындарды тексеруде

Пиротехниканы сатып алу кезінде сатушыдан рұқсат құжаттарын талап еткен жөн, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Астана қаласы полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының азаматтық және қызметтік қаруды бақылау бөлімінің аға инспекторы Азамат Аменнің айтуынша, тәртіп сақшылары аталмыш жұмыстарды Жаңа жыл қарсаңында күшейтілген режимде жүргізеді.

«18 желтоқсан мен 3 қаңтар аралығында пиротехника заңсыз түрде сатылатын орындарды тексереміз. «Шанхай», «BIG Шанхай», «Астаналык» базарларын, «Орбита» дүкенінің ауданын аралаймыз», - деп мәлімдеді ол.

Полиция қызметкерлері, азаматтардың есіне пиротехниканы сатып алу кезінде сатушыдан рұқсат құжаттарын көрсетуді талап ету керектігін, сондай-ақ, өнімнің жарамдылық мерзіміне назар аудару қажеттігін салады.

2017 жылы «Пиротехника» жедел профилактикалық шарасын өткізу барысында петардалар мен от шашулар сияқты өнімдер сатылатын алпыстан астам орын тексерілді. Олардың нәтижесінде пиротехниканы заңсыз сатудың 6 оқиғасы анықталып, сауда орындарының жұмысы тоқтатылды. Сертификаты жоқ пиротехникалық өнімдердің 3 мыңға тарта данасы тәркіленді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109