8835

Бизнесмен ардагерлерге, зейнеткерлерге, көпбалалы отбасыларға сыйлықтарды тарту етті

Барлығын қосқанда азық-түлік салынған 150 пакет үлестірілді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«1000 орын – көше саудасы» бағдарламасының қатысушысы ардагерлерге, зейнеткерлерге және көпбалалы отбасыларға жаңажылдық дастарханға сыйлық таратты.

«1000 орын – сауда көшесі» бағдарламасы бойынша жер учаскесін алған кәсіпкер Мансұр Расулов ("Asian Fruits" ЖШС), зейнеткерлерді, ҰОС ардагерлерін және аз қамтылған көпбалалы отбасыларды қолдап, оларға сыйлық жасауды жөн көрді.

Кәсіпкер пакетті өз тауарынан ең қажетті деген азық-түліктермен және шығыс тәттілерімен толтырды. Сыйлықты сауда павильоны орналасқан ауданның тұрғындары алды.  

Акция қазіргі таңда да жүргізіліп жатыр. Осыған дейін азық-түлік салынған 150 пакет үлестірілді.

Мансұр Расулов «1000 орын – көше саудасы» бағдарламасына 2017 жылы қосылған. Алдымен бір ғана павильоннан бастаған оның қазір компаниясында құрғақ жеміс-жидек, тәттілер мен дақылдар сатылатын 5 павильоны бар. 

«Шағын және орта бизнесті қолдап, бизнеспен айналысуға мүмкіндік берген қала әкімдігіне, «Astanа» ӘКК алғысымды білдіргім келеді. Бізде зейнеткерлер мен аз қамтылған жандарға түрлі акциялар мен жеңілдіктер ұйымдастырылып тұрады. Жаңа жыл алдында бәрінің де мерекені берекелі дастарханда қарсы алуға мүмкіндігі болғанын қалаймын», - деді кәсіпкер.

«Осы дүкенге жиі келіп тұрамын. Олар жасы үлкен әжелерге дәнді дақылдарды төмен бағамен береді. Ал бүгін Жаңа жыл қарсаңында мынадай тосын сый жасап жатыр. Біздің ауданның зейнеткерлері атынан оларға үлкен рахметімді айтқым келеді», - деді зейнеткер Раиса Смирнова.

Осы бастаманы бастаған бағдарлама қатысушылары туралы «Astana» ӘКК» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов былай деді:

«Осындай жақындарына бейжай қарамайтын және өзінің еңбегін адамдармен бөлісіп, айналасына тек қуаныш пен жылулық сыйлайтын бизнесмендерге үлкен алғысымды білдіргім келеді. Мұндай акция адамдарды жақындастыра түседі, бір бірінің қиындығын көтерісуге, жақындарына деген қарым қатынаста жақсы үлгі болып, халықтың әлеуметтік мәдениетін көтере түседі», - деді ол.

Еске сала кетейік, «Astana» ӘКК» АҚ «1000 орын – көше саудасы» бағдарламасының операторы ретінде үшінші жыл қатарынан Астанадағы көше саудасын ұйымдастыру үшін шағын және орта кәсіпкерлер арасында жер учаскесін бөлумен айналысады.

 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109