13298

Бақыт Сұлтанов мұғалімдерге, дәрігерлерге және полиция қызметкерлеріне тұрғын үй сертификаттарын табыстады

Миллион теңгелік 100 сертификатқа бюджет саласының қызметкерлері ие болды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Бұл қаражат Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы пәтер алу үшін алғашқы жарна ретінде пайдаланылады.

Баспана алуға жағдай жасауға қатысты Елбасы Жолдауын жүзеге асыру аясында Астана әкімдігі бюджет саласының қызметкерлеріне қолдау көрсету үшін қала бюджетінен 100 миллион теңге бөлгенін еске саламыз.

Аталған шара Қазақстан азаматтарының әл-ауқатын көтеруге бағытталған.

«Елбасы жергілікті бюджеттен жеңілдетілген ипотека бойынша алғашқы жарнаны жартылай субсидиялау жолдарын қарастыруды бұйырды. Тұрғын үй сертификаттарын табыстау білікті педагогтар, дәрігерлер, полиция қызметкерлері және басқа да мамандар үшін ипотеканың қолжетімділігін жоғарылатады», - деді Астана әкімі Бақыт Сұлтанов сертификат иегерлерін құттықтай отырып.

Оның айтуына қарағанда, тұрғын үй сертификаттары «Нұрлы жер», «7-20-25» бағдарламаларын жүзеге асыру аясында өз қызметінде лайықты жұмыс жасап, сол арқылы елорданың дамуына үлес қосқан азаматтарға берілді.

«Біз қаражатты бүгінгі таңда қаланың дамуына аса қажетті мамандық иелеріне бөлдік. Біздің елорда өмір сүру үшін ең қауіпсіз және ыңғайлы болуы керек. Ол үшін біз тиісінше білім саласын, денсаулық сақтау және құқыққорғау жүйелерін дамытуға тиіспіз. Әлеуметтік саладағы қызметкерлер де назардан тыс қалмайды»,- деді Б.Сұлтанов.

Сертификат иегерлерінің бірі №44 орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі  Нұржамал Жақыпова алғашқы жарнаға қаражатты 2,5 жыл бойы жинағанын айтты.

«Осы науқанның арқасында біз өзімізге қажетті баспанаға ие болуға мүмкіндік алдық. Бізде Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде депозит бар. Миллион теңгеге толыққанының арқасында енді біз екі бөлмелі пәтер ала аламыз. Әкімдікке осындай қолдау көрсеткені үшін ризамыз!»- деді Нұржамал Жақыпова.

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің орталық филиалының директоры Жансұлтан Матаевтың айтуынша өтініш беру кезінде мұғалімдер, дәрігерлер және полиция қызметкерлері,  сонымен қатар олардың отбасы мүшелері Астанада тұрақты тіркеуде тұрып, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшылары болып және өз шоттарында жинақтары болуы керек.  Бөлінген ақшалай қаражат салымшыларға алғашқы жарнаның 20%-н тез жинақтауға көмектеседі.

ТҚЖБ 7%-дан аспайтын жылдық мөлшерлемеде несие береді. Қарыздың максималды мерзімі 25 жылды құрайды, ал несие сомасы 20 млн теңгеден аспауы қажет.

Қаржы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне бөлінгеннен кейін әлеуметтік көмекті алушыға баспана таңдап, оның иесі болуына үш ай уақыт беріледі. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109