8728

Мереке кезіндегі «Астана LRT» кассаларының жаңа жұмыс кестесі

Көлік картасын мереке күндері де сатып алуға немесе толтыруға болады, бірақ транспорт кассаларының жұмыс режимінде аздаған өзгерістер бар, деп хабарлайды астана әкімдігінің ресми сайты.

«Астана LRT» 30 желтоқсан күні Қошқарбаев 50/1 Орталық кассасынан басқасының бәрі штаттық режимде жұмыс істейтінін хабарлады.

31 желтоқсан күні «Жеңіс» СҮ мен «Евразия» СҮ мамандандырылған кассалар қысқартылған жұмыс кестесімен жұмыс істейді, сол себепті Жеңіс даңғылындағы 47 мекенжайдағы «Жеңіс» СҮ орналасқан касса сағат 17:30 дейін жұмыс істейді. Ал Петров көшесі, 24-тегі «Евразия» СҮ орналасқан мамандандырылған касса сағат 18:00-ге дейін жұмыс істейді.  

Қошқарбаев 50/1-де орналасқан Орталық кассадан басқа қалған кассалар (темір жол вокзалы, «Гранд Астана» және Астаналық цирк) штаттық режимде жұмыс істейді.

1 және 2 қаңтар 2019 жылы «Евразия» СҮ мен «Жеңіс» СҮ кассалар жабық болады. Цирк ғимаратындағы касса 1 қаңтарда сағат 12:00-ден сағат 20:00 дейін, 2 қаңтарда сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін жұмысын жалғастырады. «Гранд Астанадағы» касса 1 қаңтарда сағат 12:00-ден 20:00-ге дейін, 2 қаңтарда сағат 09:00-ден 19:00-ге дейін жұмыс істейді. Темір жол вокзалындағы касса 1 қаңтарда сағат 12:00-ден 20:00-ге дейін, 2 қаңтарда сағат 8:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді.

Қошқарбаев 50/1-дегі Орталық касса 1 және 2 қаңтар күндері демалады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109