1686

Астанада жеке инвестициялардың үлесі 90%-ды құрайды

2018 жылы қала экономикасына шамамен 1 трлн теңге инвестиция тартылған, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Бүгін 2018 жылдың қорытындылары мен 2019 жылдың жоспарларына арналған қала активінің кеңейтілген аппараттық кеңесінде Астана әкімі Бақыт Сұлтанов өткен жылы қала экономикасына шамамен 1 трлн теңге инвестиция тартылғанын мәлімдеді.  

«Инвестиция құрылымында біз оң өзгерістерді байқадық. Егер бұрын тартылған инвестициялардың жартысынан астамы мемлекет бюджеті есебінен болса, қазір оның үлесі едәуір азайды. Қала инвестицияларының 90%-ын жеке бастамалар қалыптастырады», - деді Б. Сұлтанов.

Оның айтуынша, Астана шетелдік инвесторлар үшін тартымды.

«Өткен жылы 200 млрд теңге шетелдік капитал тартылды.  Бұл өткен жылмен салыстырғанда олардың көлемі артқан»,- деді әкім.

Сонымен қатар, қаланың инвестициялық тартымдылығын арттыру мақсатында 2019 жылы іске жалпы сомасы 27,6 млрд теңгені құрайтын 500-ден астам жаңа жұмыс орны ашатын төрт инвестициялық жобаны іске қосу жоспарланған.  Мұнымен қоса, құны 6,9 млрд теңгені құрайтын екі жобаның құрылысы басталады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Астана қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Астана – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109